Дәрігерлер үстемеақысының 561 млн теңгесін өзге персонал алған – МӘСҚ

2527 просмотров
0
Ратель
Суббота, 23 Мая 2020, 11:40

Коронавирусқа қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің бірқатарына үстемеақы негізсіз төленіп кеткен

Бұл туралы Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов қор жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сәуір айында эпидемияға қарсы шараларға қатысып жатқан медицина қызметкерлерінің саны наурыз айына қарағанда екі жарым есе артып, 17,7 мыңнан 42,6 мың адамға жеткен. Оларға аударылған үстемеақы мөлшері де 56 пайызға көп болды.

Читайте также
Нұр-Сұлтан колледждерінде бірнеше мамандықты тегін оқуға болады

Мәселен, наурыз айында 3,3 млрд теңге аударылса, сәуірде 7,6 млрд теңге жұмсалды. «Өңірлер бойынша есептегенде эпедемияға қарсы шараларға медицина қызметкерлері Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Түркістан облысында ең көп тартылған. Тиісінше, үстемеақы алғандардың көбі де осы өңірлерде: Алматы қаласында - 1,5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,1 млрд теңге және Түркістан облысында - 0,8 млрд теңге.

Үстемеақыға бөлінетін ақшаның көбеюі – сәуір айында КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап кетуімен тікелей байланысты. Артынша наурыз айына қарағанда сәуір айында эпидемияға қарсы шараларға медицина қызметкерлері көбірек тартылды», - деп хабарлайды МӘСҚ баспасөз қызметінен.

Еске сала кетерлігі, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен эпидемияға қарсы жұмысқа тартылған медицина қызметкерлеріне қауіптіліктің үш тобы бойынша үстемеақы беріледі.

Оған сәйкес 212,5 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін ақша төленеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 35,7 млрд теңге бөлінген. Үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімін жедел штабтың жанындағы аймақтық комиссиялар түзеді. Сәуір айынан бастап комиссияларға МӘСҚ өкілдері де қатыса бастады.

Читайте также
Готовы ли алматинцы платить за чистый воздух

Олар аударылған қаржының дұрыстығын тексереді. Осылайша, жұмыс барысында қор өкілдері үстемеақы наурыз айында - 88,5 млн теңгеге, сәуір айында 473 млн теңгеге негізсіз аударылғанын анықтаған. Аймақтар бойынша есептегенде сәуір айында негізсіз төлемдердің көбі Алматы облысында (146 млн теңге), СҚО-да (101 млн теңге), Нұр-Сұлтан қаласында (86,5 млн теңге), ШҚО-да (47 млн теңге), Шымкент қаласында (29 млн теңге) тіркелген. «Бұл – үстемеақы үшін берілетін тізімнің бұрыстығы.

Кейбір өңірде тіпті әкімшілік блок, көмекші персонал, кір жуатын қызметкерлер, картоп аршушылар мен сантехниктер де кіріп кеткен. Десе де, тізімде нақты кімдер алу керектігі көрсетілген», - дейді Марат Шоранов.

Эпидемилогиялық ахуалға байланысты қор мамыр айында медицина қызметкерлеріне берілетін сыйақы үшін 8,6 млрд теңге бөліп, одан арғы айларда соманы азайтуды көздеп отыр.

ҚазАқпарат

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай