Элиталы кортеж оқиғасы: лауазымды полицейлер қызметінен қуылды

1919 просмотров
0
Ратель
Среда, 22 Апр 2020, 11:35

Криминалдық полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары қызметтерінен босатылды

Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ж.Зиадин блокпостан өтіп кеткен элиталы көліктер үшін жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматыда блокпост арқылы заңсыз өту фактісі бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 адам ұсталып, 10-нан 15 тәулікке дейін тұтқындау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды.

Читайте также
Начальника криминальной полиции Алматы отстранили от работы

Барлық 4 элиталы автомобиль айып тұрағына қойылды. Кортежге қатысқан тағы екі адамға іздеу салынған. Осы ретте аталған фактіге жол берген және олардың жолын кесу шараларын қабылдамаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Бұған қоса, Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ж.Зиадин, сондай-ақ патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е.Қуанышбаев қызметтерінен босатылды. 21 сәуір күні видеоконференция байланысы режимінде өңірлік бөлімшелердің басшыларымен өткен кеңесте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев аталған фактіге қатысты нақты ұстанымын білдірді.

"Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті болды және болып та қала береді. Төтенше жағдай мен карантин режимін бұзуға, оның үстіне жеке құрам тарапынан жол беруге болмайды. Мұны қатардағы қызметкерлермен қатар олардың басшылары да есте сақтауы тиіс", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін Алматыда қымбат көліктермен кортеж ұйымдастырғандар жазаланғанын хабарлаған едік.

Фото: polisia.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Казахстанские ученые испытывают отечественную технологию для обеспечения сейсмической безопасности