Елордада демалыс күндеріндегі карантин қайталануы мүмкін

2319 просмотров
0
Ратель
Вторник, 23 Июн 2020, 10:15

Каланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева: Тұрғындар немқұрайлық танытып, инфекцияның ауырлығын жете түсінбейді

Елордада COVID-19 таралу қаупін азайту мақсатында бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

Бірінші. Қаланың санитар дәрігері Жанна ПІРӘЛИЕВАНЫҢ шешімімен 23 маусымнан бастап барлық мемлекеттік және жеке балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек.

Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20%-ы балабақшаларға (мемлекеттік және жеке) барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Екінші. 23 маусымнан бастап қалалық емханаларда уақытша жоспарлы тағайындаулар мен науқастарды қарау өткізілмейді.

Мамандардың жоспарлы консультациялық көмегі қашықтан жұмыс форматына көшірілді. Диспансерлік есепте тұрған адамдарға дәрі-дәрмектерді тағайындау қашықтан және тарату үйге жеткізумен жүзеге асырылады. Халықты вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Жүкті әйелдерді қабылдау және ультрадыбыстық скрининг өзгеріссіз қалады. Қаланың емханаларында тек жедел медициналық көмек және КВИ белгілері бар науқастар қабылданады.

Читайте также
Тоқаев екі күннен кейін Мәскеуге барады

Үшінші. ХҚКО-ның жұмыс кестесі таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін қысқартылды. Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева атап өткендей, тұрғындар адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартып, қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек: маска киіп, қашықтық сақтау маңызды.

"Барлық кәсіпорындар жұмысы тоқтатылған "карантиндік демалыс" қажетті шара болды. Барлық саябақтар мен алаңдар жабылды, қоғамдық көлік тоқтап, адамдар себепсіз үйден шыққан жоқ. Тұрғындар немқұрайлық танытып, инфекцияның ауырлығын жете түсінбейді. Санитарлық нормаларға немқұрайды қараған жағдайда біз "карантиндік демалысты" тағы да енгізуге мәжбүр боламыз. Барлығы маска киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек", – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Фото: inastana.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования аграриев