Интернет-алаяқтарын полицейлер қолға түсірді

1777 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Фев 2020, 15:00

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға аса сақ болуды, бөтен адамдарға сенбеуді ескертеді

Читайте также
Бэк Эйр ұшағының қалай құлағаны көрсетілді

Жамбыл облысы аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу және анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен іс-шараның алғашқы үш күндігінде 5 алаяқтық дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іс-шара барысында, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы жеке мәліметтері мен есепшоттарын қолдана отырып «ФинКап» интернет-қосымшасында 39 жастағы Тараз қаласы тұрғынының атына алаяқтық жолмен 120 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген 26 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды», - делінген хабарламада.


33 жастағы Тараз қаласының тұрғыны да «Тенго» интернет-қосымшасы арқылы несие рәсімдетемін деп 40 мың теңгеге алданып қалған. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Читайте также
Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен «Instagram» әлеуметтік желісінде оқырман саны көп аккаунт парақшасын сатамын деп 31 жастағы Тараз қаласының тұрғынының 40 мың теңге ақшасын алаяқтық жолымен иемденген 22 жастағы жігіт әшкереленді. Жоғарыда аталған күдіктілердің барлығы кінәларын толық мойындап, тәркіленген ақшалай айғақ заттар иелеріне қайтарылды.


Қазіргі уақытта 3 күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға аса сақ болуды, бөтен адамдарға сенбеуді, шетелдегі немесе басқа да белгісіз есепшоттарға ақша аудармауды, коммерциялық интернет-сайттардың жұмыс істеу мерзімі мен оған жазылған пікірлерді мұқият зерделеуді, несие және құжаттарды рәсімдеу барысында барлық күмән тудыратын әрекеттерді байқаған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертеді.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай