Каникул аяқталған соң оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін

1932 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 16 Мар 2020, 18:20

ҚР Білім және ғылым министрі коронавирусқа байланысты білім саласының алдында тұрған бірқатар мәселеге назар аудартты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында коронавирусқа байланысты білім саласының алдында тұрған бірқатар мәселеге назар аудартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Төтенше жағдай: Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттегенін білесіздер. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді", - деп жазды министр.

Сонымен қатар министр бірқатар мәселеге назар аудартты.

1. Мектепке дейінгі білім мекемелері штаттық режімде жұмыс істеуде. Балабақшаға балаларды апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауына байланысты. Келмегені үшін балабақшадан шығарылмайды. Яғни, балаңызды балабақшаға апармасаңыз, орны сақталады. Сондықтан, ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беріледі.

2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беретін ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және т.б. жатады. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті қазіргі жағдайды ескере отырып, ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.

Читайте также
Алматы метросында өтірік жөтеліп жұртты шошытқан пранкер 10 тәулікке қамалды

3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейді. Әріптестеріміз әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындай аады. Ал мектеп директорлары педагогтердің қашықтан жұмыс істеуі және каникул кезінде атқарылатын жұмыс көлеміне сай айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды. Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтан оқыту үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ ақпараттық жүйені контентпен қамтамасыз ету, педагогтерді үйрету, сервистерді тестілеу және басқа бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарын 5 сәуірге дейін аяқтауымыз қажет. Бізде бірнеше электронды платформа бар, қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіледі.

5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде "Bilimland", "Google Classroom", "MOODLE", "Univer", "Platonus", "Canvas", "Daryn.online" сынды жақсы жүйелер бар.

Читайте также
Минтруда рекомендует перейти на особые условия рабочего графика

Сондай-ақ "Coursera" өз курстарын тегін ұсынды және "ZOOM" оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.

"Айта кетейін, жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. ҚР БҒМ бұйрыққа қол қойған сәттен бастап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО онлайн-форматта оқытуды бастап кетті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытудың шамалы күрделі жақтары бар. Дегенмен де колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылуда. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда", - дейді министр.

Колледждер мен жоғары оқу орындары педагогтерінің де қашықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырма берілген.

6. Жатақханаларға қатысты сауалдар жеткілікті. Билет немесе қаржы тапшылығы сынды әртүрлі жағдайларға байланысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмесінде болуы тиіс.

7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

Читайте также
Токаев: Режим ЧС может быть продлен в случае необходимости

8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған "Мың бала" ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімі кейінге шегерілді.

9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс- шараларға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ бұқаралық іс- шаралар өткізуге болмайды.

10. Білім ұйымдарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ҚР БҒМ әдістемелік ұсыныстары берілді. Қажет болған жағдайда олар жаңартылып отырады.

"Пандемия кезеңінде кем дегенде 15 мемлекет мектептерді уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Тағы 14 елдің белгілі бір өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Осылайша, мектептерді уақытша жабу мәселесі Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ сияқты мемлекеттерді айналып өтпеді. Осыған байланысты балалар мен студенттерге білім беру және оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалау басты назарға алынып отыр. Бұл - біздің елдегі білім беру жүйесі үшін үлкен сын әрі маңызды міндет. Алға қойған тапсырмаларды біздің педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы бірге орындаймыз деп сенемін", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером