“Кім кормить етеді”. Ақтөбе облысында вагон жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалмақ

2436 просмотров
0
Ратель
Пятница, 25 Апр 2025, 14:00

ҚТЖ компаниясының мамандары бұл мәселеге араласа алмайтындарын айтады

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жүк вагондарын жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі, жекеменшік компаниялардың бірі штат санын азайтып, жаппай қысқартуды жөн деп шешкен, деп хабарлайды Информбюро 31.

Бірақ бұған зейнет жасына жақындаған жандар келіспейді. Теміржол саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар мамандар далада қалудан қорқады.

Читайте также
Қызылордада психикалық ауытқуы бар адамдар саны артты

Таңның атысы, кештің батысы вагон жөндеп тер төгетін бұл азаматтардың көңілі күпті. Астанадан келген хабарламадан кейін көбінің дегбірі қашқан. Өйткені, барлығы бір-бір үйдің жалғыз асыраушысы. Әсіресе, зейнет жасына жақындағандар екі қолға бір күрек таппай қаламыз ба деп алаңдайды.

- Қысқарту жайы айтылған жоқ 22 сәуір күні мобильді телефон арқылы гендиректор селекторный совещание өткізді. 15-інен бастап адамдар қысқарады деді. Түнгі смена болмайды деді. Бізде 20-30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан адамдар бар. Қалай болады, не болады түсінбедік, - дейді жұмысшы Ерлан ЕЛЕУ.

Жалпы, бұл жерде бас-аяғы 26 адам жұмыс істейді. Олар басшылықтың шешімімен келіспейді. Алдын ала ескертпей, келісімшартты бұзу заңға да қайшы дейді. Сондықтан бұл мәселені қайта қарауды сұрап отыр.

- Әрқайсысының балалары бар. Жан-жағында. Солар далада қалады. Тоғыз адамда жоқ дегенде 3-4 баладан бар. Кім кормить етеді? Бәріміз де бір айлыққа қарап отырған адамбыз, - дейді жұмысшы Алпамыс ТІЛЕУБЕРГЕНОВ.

Ал серіктестік өкілі қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың мерзімі 15 мамырда аяқталатынын айтты. Конкурста жеңсек, жұмысшылар далада қалмайды, деп сендірді.

- Бізде “Деповской сервис” мекемесінде жалпы 16 ағымдағы жөндеу бекеттері жалға алынған. Сол 16 бекеттегі жұмыс істейтін жұмысшылардың бәріне де жаңағыдай хабарлама берілген. Біздің жобамыз 15-ші мамырға дейін болған. 16-сынан бастап, егер біз ұтатын болсақ ол конкурсты, сіздермен тағы да келісімшарт жасалады 31-ші желтоқсанға дейін. Міндетті түрде ол кісілердің ешқайсысы жұмыссыз қалмайды, - деді “Деповской сервис” ЖШС бөлім басшысы Қанат ЖАҢАБЕРГЕН.

Бірақ шағымданушылар жекеменшік компания өкілдері сөзінде тұрмаса құзырлы органдарға хат жазбақ. Ал Қазақстан Темір жолы компаниясының мамандары бұл мәселеге араласа алмайтындарын айтады.

Фото: Информбюро 31.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
10 лет Великой ложе Казахстана: тайны ордена, традиции и планы на будущее - Видео
До 20% - разрыв между ценой квартиры в объявлении и ценой реальной сделки в Алматы
Что происходит с реальными ценами и рынком недвижимости
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Две исторические победы за один день: что происходит с политической картой Германии
АдГ впервые победила в Мекленбурге, Левые – в Берлине: Германия меняет политическую карту
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай