Үкімет ЕАЭО аумағынан көлік әкелуге қатысты жаңа қаулы шығарды

2028 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 03 Фев 2020, 18:00

Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады

ҚР Үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және ҚР азаматтарының пайдалануына қатысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды primeminister.kz

Читайте также
Алмас Айдаров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:

20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі";

22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады";

Читайте также
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған тағы үш оқиға тіркелді

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімі) талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарын тіркеу;

2) көрсетілген санаттағы автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жарамдылық мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін белгілеу;

3) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген көлік құралдарын тіркеу жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ішкі істер, Әділет, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин.

Фото: Кадена SER.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай