"Кредитті кейінге шегеруді қарастыру керек": депутаттар үкіметке ұсыныс жасады

1672 просмотров
0
Ратель
Четверг, 11 Ноя 2021, 14:15

Борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру керек, деп есептейді депутаттар

Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, кредит төлей алмайтын азаматтардың мәселесіне қатысті бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада басталады

Депутат Ләззат Сүлейменнің айтуынша, Алматыдағы трагедия осы саладағы проблеманың бар екенін ашық көрсетті. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің кепілзат саясаты, мүлікті бағалау мен жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырған болатын. Ал кредит алған адамның кепілге қойған мүлкін аукцион арқылы сату саласында құқықтық қайшылықтар бар. Оған қоса, сыбайлас жемқорлықтың қаупі де жоғары болып тұр.

"Осы салаға бақылау жүргізетін үкіметтік емес ұйымдардың мәліметіне сәйкес, сауда-саттық кезінде жалған тұлғалар арқылы борышкердің мүлкі төмен бағамен жиі сатылып жатады. Кей кезде бір адам бірнеше пәтерді сатып алады", - деді Сүлеймен сенаттың жалпы отырысында.

Ал әділет министрлігінің ақпараты бойынша сот орындаушылары 2016 жылдан бері аукцион арқылы 1 406 жылжымайтын мүлікті сатқан. 464 борышкер үйлерін өздері сатып, ақшасын қарызды жабуға салыпты. Ал 195 борышкерді үйден шығарып жіберген. Соның ішінде 74 проценті жалғыз баспанада тұрған.

Бас прокуратура болса, электронды сауда-саттықтың қаншалықты заңды өткізілгенін тексеріп шықты. 2015-2018 жылдар аралығында банктер аукционға шығарылған мүліктің 78 процентін сатып алған. Олармен бәсекелес болатын ешкім қатыспады. Қатысқан күннің өзінде, көбінесе, банк қызметкерлері болған. Ал кепілге салынған мүліктің бағасы орташа есеппен 30 процентке төмендетілді. Жеке сот орындаушылының үстінен арызданған адамдар да аз емес. 

"Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысымыз бар. Біріншіден, борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру мәселесін қарастырған жөн. Екіншіден, кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру керек. Үшіншіден, жалғыз баспанадан шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін реттеу қажет. Төртіншіден, кепілге салынған мүлікті пайдалану құқығын сақтау мен жалдамалы баспана беруді қарастырған дұрыс", - деп атап көрсетті Сүлеймен.

Бұдан бөлек, сенаторлар банктерге кепілзатты сатып алу аукциондарына қатысуға тыйым салу қажет деп санайды. Депутаттық сауал премьер-министр Асқар Маминнің атына жолданды.

Фото: inbusiness.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
От подлинного «құрмет» к суррогату «көкірек»: как жажда признания меняет наше поведение
Почему даже небольшие полномочия становятся способом самоутверждения
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Открытый суд с ограничениями: что мешает журналистам освещать процессы в Казахстане
Семь шагов к открытости судебных процессов
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай