Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы әуе қатынасы жанданатын болды

1646 просмотров
0
Ратель
Среда, 23 Сен 2020, 18:20

Мәскеуге баратын қазақстандықтар сауалнамадан өтіп, қолында рейстен әрі кеткенде 3 күн бұрын жасалған коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тестінің анықтамасы болуы керек

"Air Astana" әуе компаниясы Ресеймен арадағы тұрақты рейстерді қалпына келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге (Домодедово) тікелей рейстері 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап аптасына бір рет - сәрсенбі күндері (Boeing 767 лайнері) жасалады.

Читайте также
"Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты

Нұр-Сұлтаннан ұшақ сағат 21.40-та ұшып шығып, Мәскеуге 22.15-те жетеді.

Мәскеуден ұшақ 23.15-те ұшып, Нұр-Сұлтанға сағат 05: 35-те ұшып келеді.

"Әзірге бұл рейске тек Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдар қабылданады. Мәскеуге баратын қазақстандықтар сауалнамадан өтіп, қолында рейстен әрі кеткенде 3 күн бұрын жасалған коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тестінің анықтамасы болуы керек. Еңбек ету мақсатымен баратын азаматтар екі апта ішінде үйдегі карантинде отыруы тиіс", - деп хабарлайды "Air Astana" әуе компаниясынан.

Мәскеуге баратын Ресей азаматтары билет сатып алғанымен, рейске тіркелуге дейін "Мемлекеттік қызметтер" порталында сауалнама толтыруы керек. Оған қоса 72 сағат ішінде Ресей азаматтары коронавирус бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестіден өтіп, нәтижесін "Мемлекеттік қызметтер" порталына салып қоюы керек.

Ресейлік жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тестіден немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі тиіс. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ. Үшінші елдерге Мәскеу арқылы транзитке уақытша тыйым салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар ұшып бара алатын мемлекеттердің тізімін жариялаған еді. Ол елдердің қатарында Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Мысыр, Нидерланд Корольдігі, Корея Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина және Ресей бар.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай