Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырма жүктеді

1835 просмотров
0
Ратель
Четверг, 06 Фев 2020, 10:40

Елбасы азаматтардың мәселелерін шешуде партияның белсенді болуының маңыздылығын айта келе

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕКТІ қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
Как государство разводит бизнес и плодит банкротов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – партия Төрағасына халықпен кері байланысты күшейту және партия активі құрамының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде, сондай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

"2019 жылы партияға 213 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34 пайызға көп. Сауалнамаларға сәйкес, әрбір төртінші қазақстандық мәселе туындаған жағдайда "Nur Otan" партиясына жүгінеді. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес өңірлерді аралау басталды. Әсіресе, шалғайдағы елді мекендерге ерекше назар аударып отырмыз. Жуырда Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарында болдық", - деді Б.Байбек.

Елбасы азаматтардың мәселелерін шешуде партияның белсенді болуының маңыздылығын айта келе, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру тұрғысынан өңірлердегі инфрақұрылымдық даму мәселесіне тоқталды.

"Атырау мен Астрахан арасындағы жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Атырау қалалары арасында да жол салынады. Ірі автожолдардың құрылысын аяқтағаннан кейін, облысішілік жолдардың құрылысына кірісу қажет. Бұл тұрғындар үшін өте маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында "Nur Otan" партиясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Nur Otan" партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды.

KAZINFORM.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана