Қостанай балабақшаларында орыстілді топтар қысқарады

1913 просмотров
0
Ярослава Богатырева
Четверг, 16 Мая 2024, 14:00

Ата-аналар шулап, білім басқармасы бұл қауесетті жоққа шығарды

Қостанайда тұратын, бала өсіріп отырған кейбір ата-ана дүрлігіп жатыр. "Орыс тілінде тәрбиелейтін топтарға бала қабылдамаймыз" деген бір балабақшаның бір жауабын скриндеп алып, бір-біріне таратып-ақ жатыр екен.

Журналистер осы сұрақты көтеріп, оған өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл СҮЙІНДІКОВА жауап берді:

- Білімге жауапты бөлім бұл мәселені шешеді деп ойлаймын. Балалар өз қажетіне қарай қай тілді таңдаса, сол тілде сөйлейді. Мемлекеттік тілде болсын, орыс тілінде болсын. Балабақшалар мемлекеттік тапсырыс алады, тапсырысты қалай беретінін өздері біледі. Онда бәрі биылғы оқу жылына деп көрсетілген сомалар мен нормативтер аясыннан аспайды. Менің ойымша, орыстілді топтар азая қоймайды.

Қостанайдың білім бөлімі Ratel.kz сауалына жауап берді. Орыс топтарға қабылдау тоқтады деген ақпаратты ата-аналар қаладағы №3 балабақшадан естіген көрінеді.

Читайте также
Түркістан тұрғыны ғашығының төсектегі видеосын туыстарына таратты

“Қостанай қалалық білім бөлімі орыс тілінде оқытатын топтарға балаларды қабылдау тоқтатылды деген ақпараттың жалған екенін ресми түрде хабарлайды.

Бүгінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 510 топ жұмыс істейді, оның ішінде 181 топ мемлекеттік тілде, 329 топ орыс тілінде оқиды.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қаладағы балабақшаларды 102 топ бітіреді. ҚР Тілдер туралы Заңын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан Жол картасына сәйкес, жаңа оқу жылында мемлекеттік тілде оқытатын 49 топ және орыс тілінде 53 топ ашылады”, - делінеді ведомствоның жауабында.

Егер ата-ана мен балабақша әкімшілігінің арасында түсінбеушіліктер туындап қалса не істеу керек, деген сұраққа білім бөлімінің басшысы Гүлсім ОРАЗБАЕВА былай деді:

- Туындаған барлық сұрақтар бойынша Білім бөліміне тікелей хабарласыңыздар. Біздің мекен-жайымыз: Байтұрсынов көшесі, 67. Біз бірден жауап қатамыз.

Биыл Қостанайда екі жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, екеуін де қолданысқа беру жоспарланған. Екеуі де қаланың жылдам өсіп келе жатқан ықшамаудандарында салынуда – “Юбилейный” ықшамауданында 280 орындық, “Аэропорт” ықшамауданында 280 орындық. Тағы бір 280 орындық балабақша Әулиекөл ауданында ашылады деп жоспарланған.

Аударған А.Олжаев.

Фото: pixabay.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
В Германии начинается суд по делу о подрыве «Северных потоков»: кто обвиняется и что известно о диверсии
Спустя четыре года после взрывов в Балтийском море перед немецким судом предстанет предполагаемый руководитель диверсионной группы
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай