Оңтүстікте қуаңшылықтан 49 мың гектар бидай алқабы қурады

1793 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 30 Июн 2025, 13:30

Оңтүстік шаруалары 200 мың гектардан астам жерге күздік бидай сепкен

Елдің оңтүстік аймақтарында биылғы көктемнің жауын-шашынсыз болғаны егін алқаптарына едәуір әсер етті, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір қуаңшылықтан Түркістан облысындағы 300-ден астам шаруашылықтың күзде еккен бидайы ораққа ілікпей тұр. Салаға жауаптылар болса, шығанға ұшыраған шаруаларды қолдау үшін жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Читайте также
Алматыдағы Сайранның жағасы ашылмай жатып қоқысқа толды

2 мың гектар алқапқа дән сепкен Пернехан БАЙЫСОВ биылғы өнімнен үлкен үміт күткен еді. Алайда жауын-шашынның аздығынан егіннің тамырына қажетті ылғал жетіспей, масағы толық өсіп үлгермеді. Айтуынша, енді одан түскен пайда техникаға кеткен жанармай мен қызмет шығынын әзер жабады.

- Кешелі бері орып жатырмыз. Жартысына барып қалдық, әлі бір камазымызды толтыра алмай жатырмыз. Бидайдың сапасының төмендігі соншалық дән аш. 840 гектар жер оруға жарамсыз, - дейді Шаруа Пернехан Байысов.

Бидайдың биылғы күтіміне қуаңшылық пен аптап ыстық та кері әсер етті. Салдарынан өңірдегі 300-ден астам шаруа шарасыз күйде отыр. Астықтың көлемінен күдер үзгендер егінге орақ та салмады. Ал алқапқа тартылған техникалар жұмыр жерді тырмалап, жиі істен істен шығып жатыр.

- Сабан жоқ болғаннан кейін бұзыла береді. Топырақ жұтады, техника сына береді. Денесінің бәрі бос айналып тұрады. Топырақ жұтқаннан кейін, міне, мотор кетті. Мардымсыз болайын деп тұр. Не табатынымызды білмейміз енді, - дейді комбайн жүргізушісі Бақыт ОРАШБЕКОВ.

Салаға жауаптылар шаруалардың жанайқайымен жақсы таныс. Осыған байланысты өңірде арнайы жұмыс тобы құрылды. Алқаптарға жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы 49 мың гектардай жер егін орағына жарамсыз деп танылған. Министрлікпен бірге шығынға ұшыраған шаруаларды қолдау мақсатында арнайы ұсыныстар енгізілді.

- Несилердің қайтару мерзімін шегеру және “Қазагроқаржы” АҚ арқылы 5%-пен техниканы лизингке алған. Аталған шаруалар тізімі нақтыланып, қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ақтөре ТҮЙМЕБЕК.

Оңтүстік шаруалары 200 мың гектардан астам жерге күздік бидай сепкен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға көп. Алайда мамандардың айтуынша, қуаңшылық пен аптап ыстықтан өнім көлемі гектарына бұрынғы орташа 20 центнерден 11,5 центнерге дейін түсіп кеткені байқалады.

Фото: 24kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Украина: политическая лаборатория и цена несостоявшегося мира
Дальнейшее затягивание российско-украинского конфликта создает для Астаны больше рисков
Тарифная война, новые санкции против Ирана, 31 погибший на свалке, птичий грипп и роботы быстрее человека
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай