Парламент рақымшылық туралы заң қабылдады – қанша адам бостандыққа шығады

2189 просмотров
0
Ратель
Четверг, 02 Дек 2021, 12:45

Заң жобасының мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту

Парламент сенаты Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қанша адам рақымшылыққа ілікті

Читайте также
Данияр Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін айқасатын жаңа қарсыласы белгілі болды

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ айтуынша, заң жобасының мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.

"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады", - деді Тұрғымбаев сенат отырысында.

Заң жобасы мемлекеттік органдармен, қоғам қайраткерлерімен және сарапшылармен талқыланды, ғылыми-құқықтық сараптамалар жасалды.

Министрдің айтуынша, қазір республикада 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, қамауда отыр. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеге жабылған. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

"Заң жобасы бойынша 2 292 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 753 адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады, 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1330 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылады", - деді ол.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауаптан босатылады. 1471 адамға сот органдарының жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады.

Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа ілікпейді.

Шет елде сотталған қазақстандықтар

Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір Қазақстанның түзеу мекемелерінде шет мемлекеттің үкімімен сотталған 35 азамат жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 31 қазақстандық – Ресейде, Беларусь пен Қырғызстанда екі-екі адамнан сотталған.

"Олардың тек біреуі ғана рақымшылыққа ілігеді. Ол ауыр қылмыс үшін төрт жылға сотталған болатын. Үш жылы өтті, тек бір жылы қалды. Сол үшін ол азамат осы рақымшылық туралы заң жобасына келіп тұр", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.

Ал қалған 34 адам – аса ауыр және ауыр қылмыс үшін сотталғандар.

Парламент сенаты заңды бірауыздан қабылдады. Енді құжатқа президент қол қояды.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай