Павлодарда велосипедке мінгескен зейнеткер әйел қоршауға соғылып көз жұмды

4893 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 07 Июл 2025, 14:00

Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр

Павлодардың орталық жағалауында қайғылы жағдай болды. Төрт дөңгелекті велосипедке анасын және үш баласын мінгізіп алған әйел адам төменге түсу кезінде темір қоршауға соғылған.

Читайте также
Қазақстанда кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалып жатыр

- Оқиға 7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда болған. Жағажайдағы жолдар арқылы төменге түсу кезінде әйел рульге ие бола алмай, металл қоршауға соқтығысқан. Оқиға салдарынан зейнеткер әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оның қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған аумақ түнгі уақытта қараңғы болғаны айтылады. Ол жерде велосипед жүруіне рұқсат берілген, тыйым салу белгілері жоқ. Ал велосипедтің өзі жалға алынған екен. Қазір полиция кісі өліміне соқтырған жазатайым оқиға бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі оқиға бойынша 6 шілде сағат 23.08-де шақырту түскенін мәлімдеді.

- Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. Өкінішке қарай, біздің қызметкерлер 69 жастағы әйелдің сол жерде көз жұмғанын анықтады. Зардап шеккен 2010, 2015, 2018 жылғы қыз балалар облыстық балалар ауруханасына, сондай-ақ 39 жасар әйел адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады жедел жәрдем стансасынан.

Фото: Depositphotos.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд