Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

2810 просмотров
0
Ратель
Вторник, 07 Июл 2020, 11:00

Биыл маусымда пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелді. Өткен жылы тура осы айда небәрі 7 964 пациент болған

Әлемде коронавирус пандемиясы басталған кезде инфекция күн көзіне шыдамайды, ультракүлгін сәулелер оны күйдіріп тастайды, сондықтан жаз шыққанда вирус азаяды деген нақты болжам болған. Алайда маусымда науқастардың саны күрт өсті. Пневмония өршіп кетті. Бұл коронавирус инфекциясының негізгі симптомы болып саналса да, тестен COVID-19 шығып жатқан жоқ. Бүгінде пневмониядан қайтыс болғандардың саны коронавирус құрбандарынан екі есеге асып түсті. Sputnik Қазақстан тілшісі қазіргі пневмония мен коронавирус арасында байланыс бар-жоғын анықтап, вирустың генетикалық мутациясы мен оны емдеу шараларының қалайша өзгергенін зерделеп көрді.

Читайте также
Коронавирус: Дәрігерлер дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді

Иә, маусым айында ауруханаға пневмониямен түсетін науқастардың саны күрт көбейді. Нұр-Сұлтанда күн сайын стационарға 600-ге жуық пациент жеткізілді. Науқастарға арналған төсек-орынның 90 проценті толып қалды. Шымкент, Ақтөбе мен Атырау да тура сондай жағдайға тап болды. Ал Алматы қаласының әкімі пневмония эпидемиясын жариялауға мәжбүр болды. Себебі бір айдың ішінде пневмониямен ауыратындардың саны бес есеге артты. Бүгінде спорт кешендері қосымша стационар ретінде қолданыла бастады. Себебі ауруханада орын жоқ.

Дегенмен, пневмониямен түсіп жатқан науқастардың барлығынан COVID-19 шығып жатқан жоқ. Оны жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ да растады. 2 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында ол бір тәуліктің ішінде коронавирустан 10, ал пневмониядан 20 адам науқастың көз жұмғанын мәлімдеді. Демек, бүгінде пневмония құрбандарының саны екі есеге көп болып тұр. Олардан коронавирус анықталмаған. Осы орайда тағы бір статистиканы айта кеткен жөн. Министрдің айтуынша, биыл маусым айында пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелді. Өткен жылы тура осы айда небәрі 7 964 пациент болған. Сонда биыл пневмонияға шалдыққандардың саны төрт есеге (!) өсіп отыр.

Әрине, бұл жерде заңды бір сұрақ туындайды. Науқастардан коронавирус табылмаса, пневмонияны қандай вирус қоздырып отыр? Неге тест кезінде COVID-19 шықпайды? Дәл осы пандемия кезінде пневмония жайдан-жай өршіп тұрған жоқ қой? Демек, байланыс бар. Оған қоса, пневмония коронавирус инфекциясының негізгі әрі қауіпті симптомы болып саналады.  

Читайте также
Қазақстанда ПЦР-тестке 34 миллион доллар бөлінеді

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА да пневмониямен түсетін науқастардан ПТР-тест алғанда бәрінен бірдей коронавирус шықпайтынын айтқан. Маман оның себебін де түсіндірді.  

"Соңғы кезде пневмониямен түсетін науқастардың тесті теріс нәтиже көрсетіп жатыр. Ондай болады. Себебі коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс алу жолдарынан төменгі тыныс алу жолдарына түседі. Осы кезде ПТР-тест оң нәтиже көрсетпеуі мүмкін", - дейді Есмағамбетова.

Сонда бас санитардың сөзіне қарағанда, коронавирус өкпеге өтіп кеткенде жұтқыншақтан шықпауы да мүмкін. Ал ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, адамның ағзасында COVID-19 болады. Содан болар, бүгінде емдеу тәртібіне "коронавирус инфекциясының ықтималдылығы" деген анықтама енгізілген. Бұл дегеніміз, пневмониямен түскен адамның тесті теріс нәтиже көрсетсе де, "коронавирус инфекциясының ықтималдылығы" диагнозы жазылады. Осының арқасында науқас дер кезінде емделеді екен.

Соңғы кезде коронавирус мутациясына қатысты әңгімелер де тарай бастады. Мәселен, денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар СҮЛЕЙМЕНОВА коронавирус инфекциясы генетикалық жағынан өзгеріске ұшырады деп санайды. Соның нәтижесінде бүгінде республика бойынша симтомсыз науқастар жиі анықтала бастады. Індет жеңіл түрде өтетін болған. Алайда қазіргі пневмония эпидемиясын коронавирус қоздырса, инфекция генетикалық жағынан қауіпті мутацияға ұшыраған секілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да коронавирус мутациясына қатысты өз ұстанымын білдірді. Бас ғылыми қызметкер Сумия СВАМИНАТАННЫҢ айтуынша, зертханалық зерттеулер кезінде вирустың мутациясы анықталған. Ондайда инфекция жылдам көбейеді және тез таралады екен.

"Жақында зертханада "D614G" деп аталатын ерекше мутация анықталды. Ондайда вирус жылдам көбейеді, оның таралуы да күшейеді", - дейді Сваминатан. Бірақ мутацияға ұшыраған вирустың қаншалықты қауіпті екені белгісіз.

Читайте также
Қазақстанда қатаң карантин шаралары күшіне енді

Ал біздегі коронавирустың мутациясы қандай? Ол жағы да белгісіз. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды COVID-19 жылдам таралып жатқан мемлекеттердің қатарына қосты.

Айтпақшы, өткен аптада елімізде коронавирус инфекциясын емдеудің клиникалық хаттамасына тағы өзгеріс енгізілді. Енді, жағдайы орташа ауыр науқастарды амбулаториялық деңгейде, яғни, үйде вирусқа қарсы препараттармен емдеп көрмек. Ал ауруханада жатқан науқастардың үш күн ішінде дене қызуы көтерілмесе, компьютерлік томография немесе рентген кезінде өкпеде оң динамика байқалса, ауруханадан ерте шығаруға шешім қабылданды. Пациенттің денсаулығын ары қарай емхана дәрігері бақылайды. Осылайша, ауруханадағы орын тапшылығы шешіледі.

Фото: workingmama.ru.

баспагер
Құлдық сана дегеніміз – 500 мың теңге төлеп, қытай көлігін русификациялау.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Почему ЖК “Трилистник” будет мозолить глаза карагандинским прокурорам
Каким образом юридически оформлены 25 этажи в 24-этажных высотках
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Как судья Мекемтас лишал имущества возлюбленную учёного мирового уровня
В суде, возглавляемом оскандалившимся судьёй, женщину-профессора объявили простой лаборанткой, которая не может владеть 400 тысячами долларов
Когда Казахстан выйдет из ОПЕК+
Что лучше: ужасный конец или ужас без конца?
Актюбинский бар заплатил клиенту моральный вред за то, что видеокамере заведения не понравилось его лицо
Суд оценил страдания мужчины в 250 тысяч тенге
Война Израиля с Ираном
Как всё начиналось
Алма-Ата 1980-х с высоты птичьего полёта: что творилось на границах города
Репортажи из прошлого от Андрея Михайлова
Житель Семея атаковал водителя автобуса во время движения и отправился за решётку
Это стало возможным благодаря тому, что выходку горожанина запечатлели и опубликовали в соцсетях
Исторический weekend. Позитивное брюзжание на тему туризма
Позитивное – потому что не с целью поругать, а с целью улучшить ситуацию
Снова об автомобильных дорогах Казахстана
Из выделенных 700 образовательных грантов на специальность “Транспортное строительство” поступил всего 41 студент
Бывший гендиректор ArcelorMittal Temirtau рассказал про кражи угля в шахтах и борьбу с ОПГ на комбинате
Некоторые работники шахт получали угрозы и ходили с охраной
В акимате Петропавловска дачников послали в полицию
Мытарства людей, чьи участки разрушили перед паводком, продолжаются
Зачем фермеров собирают под палящими лучами солнца в одном месте – на поле
Помогает ли такое мероприятие развитию аграрного сектора?
Экс-судья Жолманова из Алматы приговорена к 10 годам тюрьмы
Ущерб от её действий оценивается в миллиард тенге
Нанятый директор микрокредитной организации проиграл в азартные игры свыше 61 миллиона тенге
Деньги на игру он брал из кассы своего предприятия
Чего на данный момент добился Дональд Трамп
Политический кризис в США не за горами
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.