Qazaq Oil Астана қаласына "Джулия" мюзиклін тарту етеді

1407 просмотров
0
Ратель
Среда, 22 Ноя 2023, 13:30

Qazaq Oil компаниясы өзінің негізгі қызметінің шеңберінен шығып, астаналық көрерменге бірегей мәдени шара "Джулия" мюзиклін ұсынады

"Джулия" алматылықтардың жүрегінен жылы орын тапқаны анық. Енді Qazaq Oil компаниясының арқасында бұл музыкалық жанрды астаналық көрермен де тамашалай алады.

- Біз қазақстандықтарды біріктіретін бірегей мәдени шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысамыз. Мұның алдында аты аңызға айналған "Азия Дауысы" музыкалық фестивалінің қайта жаңғыруына ықпал етсек, бүгін Астанаға мюзикл алып келдік. Бұл біз үшін маңызды миссия деп санаймыз. Qazaq Oil болашақ ұрпаққа мәдени мұрамызды сақтап, жеткізіп беруге тырысады. Мәдени шараларды қолдау біздің корпоративтік брендіміздің маңызды бөлшегі, - деді Qazaq Oil бас директоры Тулемис ШОТАНОВ.

"Джулия" - бродвей мюзикл дәстүрінен туындаған жай ғана шоу емес, ол A'Studio хиттерінің ғажайып әлеміне бойлататын нағыз мереке болмақ. Мюзикл көрерменді романтикалық қатынас, кездесу мен қоштасу, шынайы махаббатты іздеу хикаяларына алып кетеді. Бұл шоу режиссер Василия Бархатов пен A’Studio тобының лидері Байғали Серкебаевтың халықаралық командасының қатысуымен ұйымдастырылды. Елорда халқы музыкалық кешті 9 және 21 желтоқсан аралығында Astana Ballet театрында тамашалай алады.

Читайте также
Qazaq Oil: қазақстандық сәтті брендтің қалыптасуынан бір сыр

- Алматыда болған кештің көрермен жүрегіне жол тапқанына қатты қуандық. Көпшіліктің сұрауымен осындай кешті Астанада да ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл кештің біз үшін маңызы өте жоғары. Біз астаналықтармен кездеуге асықпыз, - деді  Aurora Event Group  негізін қалаушы, Джулия мюзиклінің бас продюссері Қайрат Кульбаев.

Мәдени оқиға ірі компаниялар елдің рухани өміріне қалай ерекшелік енгізе алатынын көрсетсе керек.  Qazaq Oil бүгінде тек қана автожанармай құю станциялары кешенін басқарушы ғана емес, Қазақстанның мәдени саласының дамуына үлес қосып отырған ірі компаниялардың бірі. Корпоративті белсенділік пен мәдени шараларды қолдау жалпы айтқанда бір бірімен сирек ұштасатын түсінік. Ал Qazaq Oil, сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмектесіп келеді.

Биыл Астанада жалпы құны 120 млн теңге болатын төрт мың азық-түлік жиынтығы таратылды. Ал Абай ауданында өрттен жапа шеккен отбасыларға 50 млн теңге, Қостанай облысының тұрғындарына да сол мөлшерде қаражат берілді.

Qazaq Oil, сонымен қатар, спортты қолдауға да белсенді ат салысады. Компания паралимпиада комитеті, су спорты, джиу-джитсу федерациясы тағы басқа шараларға көмектесіп келеді.

- Qazaq Oil елдегі біраз спорттық шараларға демеуші болып келеді. Біз отандық су полосы спортының, үстел теннисі, басқа да дисциплиналар бойынша спорттың дамуына үлес қосып келеміз. Біз тек қана жоғары сапалы мұнай өнімдері мен тұрмыстық тауарларды  жеткізіп, сатып қана қоймаймыз. Сондай ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де бірінші кезекке қоямыз, - деді  QazaqOil бас директоры Тулемис Шотанов.

Фото: Qazaq Oil.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Безопасность женщин и детей - критерий зрелости государства
Зарина Есбулатова о семейной политике, демографии и результатах социальных реформ в Казахстане
Нефть выше 100 долларов, слежка на Фиджи и скандал в Верховном суде Бразилии
Главное в мире
Что осталось за закрытыми дверями переговоров в Москве и Киеве
Вашингтон пытается перезапустить переговоры России и Украины
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай