Qazaq Oil автожанармай құю станциясының клиенттері нәрестелердің көз жанарын сақтауға көмектесті

1183 просмотров
0
Ратель
Среда, 25 Окт 2023, 15:00

Қазақстандықтар Қарағандыдағы Перинаталды орталыққа 5,7 млн тенге қаражат жинап берді

AYALA қоғамдық қоры Қарағандыдағы №1 перинаталды орталыққа мерзімінен бұрын босанған нәрестелердің көз жанарын жетілдіруге арналған ретиналды камера сыйға тартты. Бұл құрал жабдықты сатып алуға қазақстандықтар үлес қосқан. Оның ішінде Qazaq Oil автожанармай құю станцияларының клиенттері де бар. Qazaq Oil  компаниясының Қазақстандағы желісінде орналасқан бокстарда 5,7 млн теңге жинақталған. Осы қаражаттың барлығы қайырымдылық қорына жіберілді.

Шала туған сәбилерде ретинопатия диагнозы жиі кездеседі. Көбінесе бұл диагноз туған күннен бастап 21 күн өткен соң анықталып жатады. Ондай сәбилерге диагноз қойылған күннен бастап 2 тәуліктен соң ота жасалуы тиіс. Әр сағат санаулы, ұзап кеткен жағдайда баланың көзі соқыр болып қалуы ғажап емес. Сондықтан да дәрігерлерге нақты диганоз қоюға мүмкіндік беретін аппарат өте керек. Перинаталды орталықтың офтальмолог дәрігері Гүлімай БАЙМУХАНОВА осы ретиналды камерамен жұмыс істей бастаған алғашқы дәрігерлердің бірі. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын дәрігер сәбилердің көз жанарын емдеу практикасына көшкен. 

- Енді көзді қарау жеңілдей түсті. Біз жылдам диагноз қойып, ата аналарға  экраннан көрсете аламыз. Көз түбінің барлық сегментін түсіріп, ата аналарға тамыр қай жерде бар, қай жерде жоқ екенін көрсетеміз. Бұған дейін мен офтальмоскопты маңдайыма қойып алып көретінмін. Проблема тек маған көрінетін. Кейде ата аналар көзбен көрмеген соң айтқаныма сенбейді. Шала туған бала жан сақтау бөлімінде жатады. Бұның өзі ата аналарға үлкен күйзеліс. Бірақ оны қабылдай алу керек. Ол аздай, офтальмолог келіп, баланың көзі көрмей қалу қаупі бар дейді. Оны ата аналар мүлде қабылдай алмауы мүмкін. Ретиналды камера сол проблеманы айқын, түсінікті  көрсетеді, - деді Гүлімай Баймуханова.

Портативті шағын камера ноутбукка қосылған. Камераға түсірілген көз түбінің суреті ноутбукка шығарылып экран арқылы көрсетіледі. Камераны реанимацияда жасанды тыныс алу аппаратында жатқан балаларға да апарып қосуға болады. Гүлімай Баймуханова екі ер баланың ата аналарынан рұқсат сұрап көз түбін қарап берді. Бақытымызға орай, екі баланың да көз сау болып шықты. 

- 2022 жылы бізде 17 848 бала туды. Оның ішінде 1024 бала мерзімінен бұрын туса, 514 бала скринингтен өткен. Оның ішінен 141 балаға ретинопатия диагнозы қойылды. 50 балаға ота жасадық. Басқаларының ауруы емнің арқасында жазылып кетті. Биыл 9 айда  13 мың бала туды, оның 578 і мерзіміне жетпей туды. Тексеруден өткен 407 баланың ішінен 106 балаға диагноз қойылды. 50 балаға ота жасадық, - деді Гүлімай Баймуханова.

Дәрігер өзі диагноз қойып, өзі осы орталықта ота жасайды. Суретті экранға шығара алудың арқасында дәрігерлер басқа қаланың мамандарымен бірігіп консилиум өткізе алатын болды.

Читайте также
Астанада мыңнан астам отбасы Құрбан айт мерекесіне орай Qazaq Oil компаниясынан азық-түлік жиынтығын алды

Былтыр Орталыққа ретиналды камера алуға қаражат табылған кезде, бюрократиялық кедергілердің кесірінен жүзеге аспаған болатын. Тендерге қатысу үшін барлық нарықты зерттеп, оңтайлы бағаны тауып, өндіруші елді таңдау керек еді. Биыл Qazaq Oil клиенттері мен AYALA қорының көмегінің арқасында камера еш кедергісіз қойылды.

- Тұншығып немесе 27-28 аптасында туған, салмағы бір килограмға жетпейтін, ұзақ уақыт оттегіде жатқан нәрестелер ішінде ретинопатия жиі кездеседі. Әдетте тамырлар өседі немесе өсуі тоқтап қалады. Кейде тарамдалып майысып тор көзді артқа тарта бастайды. Ондай кезде кезде тор көз жиналып қалады. Уақытында ота жасамаса тор көзі жыртылып кетеді. Ол жыртылған жағдайда көз жанары көрмей қалады. Ол кезде де ота жасалады. Бірақ дер кезінде жасалғандай эффект бермейді. Біздің орталықта екі ота жасалады. Агрессивті формада біз көз ішіне ине саламыз. Ол тамырлардың өсуін тоқтатады. Екіншісі - тор көзінің лазеркоагуляциясы, - деді Ratel.kz тілшісіне Гүлімай Баймуханова.

Перинаталды орталықта басқа да құралдар бар. Бірақ олардың сапасы төмен. Сол себепті дәрігерлер бірнеше жыл бұрын күннің ыстығы мен ақ боранға қарамастан Астанаға шақалақтарды тасыған.

- Әйнекпен қарап, баланы шұғыл әкелу керек деп шешеміз. Мен санавиациямен алып шығамын. Баланы қарағанда кешіккенімізді білеміз ғой. Кей кездері үш баладан тасыдық. Трасса көбінесе жабық болады. Балаларды жеткізу керек. Осакаровка жанында бір бала демалмай қалды. Реанимациялық шаралар жасауға тура келді. Ал артта ата анасы келе жатыр. Елестетіп көріңізші, барлығымызға стресс болды. Әйтеуір баланы демалдырып алып, қалаға жеткіздік, -  деп естеліктерімен бөлісті дәрігерлер. Мамандар балаларды Астанаға тасуды 2018 жылы ғана доғарған.

- Баланы алып келіп қабылдауды күтіп отырсақ, балада апноэ басталды. Жерге жатқызып алып есін жинатуға тура келді! – деді олар.

Жолдың ауырлығына байланысты балалардың барлығын жеткізу мүмкін болмағанын дәрігерлер де мойындап отыр.

Баланың денсаулығы кез келген уақытта сыр беруі мүмкін. Ал көз жанарын 45 аптаға дейін бақылау керек.

Ата аналар дәрігерлердің айтқанын орындап дер кезінде балаларды тексеріп отырса болды.

Орталық мамандары AYALA қоры мен Qazaq Oil компаниясына, жомарт жүрек қазақстандықтарға алғыс айтты.

- Барлық автожанармай құю станцияларында біз арнайы бокстар орнаттық. Адамдар бізде жанармай құя отырып, артылған қаражаттарын қайырымдылыққа жұмсай алады. Денсаулық қоғамдағы басты байлық екенін түсінеміз. Егер біз қоғамдық дені сау, бақытты қыла алсақ ол біздің қосқан үлесіміз. Одан бөлек біз үнемі аз қамтылған отбасыларға азық түлік себетін жеткіземіз. Біздің қызметкерлер үнемі қан орталығына қан және плазма өткізіп тұрады. Сонымен қатар, жануарлар пункттеріне де көмектесеміз. Біздің AYALA қорымен біріге отырып осындай қайырымдылық бастамаларына мұрындық болып отырғанымыз бизнестің өмірді жақсы жаққа өзгерте алатынының айқын дәлелі болса керек, - деді таныстырылым барысында Qazaq Oil қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Әсел АЛИМХАНОВА.

Перинаталды орталыққа жылына бір рет осы орталықтан емделіп аман шыққан балалар кеп тұрады.

- Әрине, көп бала есімізде қалады. Өйткені біз бауыр басып қаламыз. Кейін баланың өскенін, дені сау екенін, балабақшаға баратынын, бізге тақпақ айтып беріп жатқанын көрген сайын жігерлене түсеміз. Еңбегіміз ақталғаны бізге қанат бітіреді, - деді Перинаталды орталықтың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена ВИНОГРАДСКАЯ.

2022 жылы ҚР ДСМ елде мүмкіндігі шектеулі балалардың көбейіп келе жатқанын айтып дабыл қаққан болатын.

Енді жаңа құралдың арқасында дәрігерлер диагнозды дәл анықтап, балалардың көзін сақтап қала алады. Яғни, елімізде дені сау балалардың саны артатыны анық.

ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСІП, МАҚАЛАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН  ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента