Сенат "қандас" атауын енгізетін заңды қабылдады

2420 просмотров
0
Ратель
Четверг, 30 Апр 2020, 15:35

Этникалық көші-қон саласына қандай өзгерістер енгізіледі?

Парламент Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Читайте также
Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады

Заң жобасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және оны Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасын қабылдаудың міндеттері көші-қон заңнамасын келесі бағыттар бойынша жетілдіруге негізделген: Қазақстанға келетін этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау; ел экономикасының қажеттілігін қамтитын жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін жетілдіру; озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу, алдын-алу.

"Этникалық көші-қон саласына қандай өзгерістер енгізіледі? Біріншіден, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар "оралман" мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растау қажет. Іс жүзінде, 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты, "оралман" мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауы негізгі критерийі ретінде енгізіледі", - деді Б. Нұрымбетов.

Читайте также
Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды

Екіншіден, қандас бауырларымызға қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты, өзі ниет білдірген өтініш берушінің тұрақты тұруға рұқсатты және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі көзделген.

"Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасында "оралман" сөзін "қандас" сөзіне ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізілді", - деп нақтылады Біржан Нұрымбетов.

Көші-қон процестерінің құқықтық базасын кеңейту және заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында тиісті қадамдар ескерілген.

"Біріншіден, шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу. Екіншіден, ұлттық заңнамада реадмиссияға арналған құқықтық негіздердің жоқтығынан ұлттық заңнамаға реадмиссия туралы халықаралық ережелерді енгізу ұсынылады. Үшіншіден, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар адамдардың кетуіне шектеулер көзделген толықтырулар енгізу қарастырылған", - деді министр.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Оралман" сөзінен бас тартып, "қандас" дегеніміз жөн болатынын айтқан еді.

"Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, "қандас" дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деді президент.

Фото: Sputnik / Евгений Биятов.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай