Шымкент тұрғыны түк істемей жалақы алудың жолын тапты

2464 просмотров
0
Данил Шемратов
Суббота, 23 Ноя 2024, 12:00

Инженер-геодезист жарты жыл бойы далаға шығып, геодеректер жинадым деген. Шын мәнінде ешқайда шықпай, түк істемей, тек жалақы алып отырған

Шымкентте "Шымкентгеодезия" филиалының басшысы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Геодезия және кеңістіктік ақпараттың ұлттық орталығы" кәсіпорнының қызметкері Ерлан БУҚАНОВ (1987 жылы туған) сотталды.

Оған ҚР ҚК 371-бабының 1-бөлігі (салғырттық) бойынша айып тағылды. Сонымен бірге "Шымкентгеодезия" филиалының инженері Жанболат САРДАРБЕКОВ (1983 жылы туған) алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Читайте также
Украинаны жақтап, Путинді даттаған шымкенттік апа сотталды

Іс былай болған. Филиал биылғы ақпаннан тамыз айына дейін мемлекеттік инвестициялық жоба аясында бірқатар топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуі тиіс болған. Осы мақсатта геодезистер тобы Шымкент пен қала маңында дала жұмыстарын атқаруы керек болған. Топтың бригадирі инженер Сардарбеков болған. Бірақ инженер бригаданың онсыз да жақсы жұмыс істеп жатқанын біліп, дала жұмыстарына бөлінген іссапарлық қаражатты иемденуге бел байлаған. Осылайша бұл бригадир ешқайда бармай, тек жалақы табеліне қол қойып, ақшасын алып отырған.

Ал филиал директоры Ерлан Буқанов өзіне тапсырылған учаскелерде дала жұмыстарының атқарылуын еш қадағаламай, жалақыны толық көлемде төлеу туралы бұйрықтар шығарып отырған. Инженер мен директордың осындай салғырттығы нәтижесінде мемлекетке 2 126 592 теңге көлемінде зиян келген.

Тергеу мен сот барысында Сардарбеков кінәсін толық мойындап, өкінгендей болып, келтірілген залалды толық көлемде өтеді. Зардап шеккен тарап – "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" РМК-ның бас кеңсесі оны кешіріп, оған қатысты ешқандай талап қоймады. Осыны ескере отырып, сот Сардарбековке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Ал Буқанов салғырттығы үшін кінәлі деп танылып, оған 6 айға бас бостандығын шектеу, пробациялық бақылау және 100 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Дегенмен ол "Шымкентгеодезия" филиалының директоры қызметінен босатылмайды. Буқанов зардап шеккендерге өтемақы қорына 36 920 теңге төлеуі тиіс.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай