Шымкентте екі жігіт жезөкшеге “жолап”, сосын оны тонамақ болды

2685 просмотров
0
Данил Шемратов
Суббота, 05 Апр 2025, 13:30

Жігіттер жап-жас болса да жай жүрмей, жалған куәлікпен полиция қызметкері боп жүріпті

Читайте также
Қызық-ей. Біреудің әйелінде несі бар

Шымкенттің қылмыстық соты тағы бір біртүрлі қылмысты қарады. 2004-ші жылғы екі жігіт әскерден кеше ғана келген екен. Енді екеуі де сотталып отыр.

Олар “Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы бопсалап, қорқытып алу” және “Билік өкiлiнiң лауазымды атағын өз бетiмен иемденіп алу” (ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары; 390-бабы 2-бөлігі) баптарымен айыпталды.

Әлгі екеудің басына жезөкшелерді тонайық деген ой келген. Сол үшін сырты қызыл куәлік сатып алып, оған өз суреттерін жапсырып, өтірік мөр басып алыпты.

Содан соң жезөкшелікпен айналысатын Валерия С.-пен байланысқа шығып, “үйінде қабылдайтын” әлгі қыздың мекен-жайын алып, барамыз деп келіскен. Қыздың ақылы қызметін екеуі “тұтынып” бола сала қалталарынан қызыл куәлікті шығарып, жезөкшеден 50 мың теңге талап етіпті. Әйтпесе полиция бөлімшесіне әкетеміз деп қорқытыпты.

Алайда небір жындыларды көріп жүрген қыз полициядан қорқудың орнына “қайда әкетсең сонда әкет” деп міз бақпапты.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Қыздың бұл қылығы “полицейлердің” бар жоспарын бұзып, екеуі қатты састы. Бірі қойнынан пышақ шығарып қорқытқан, екіншісі қызды қолымен қылқындырмақ болған. Қыз шыңғыра бастағанда есікті біреу қоймай тақылдатыпты. “Полицейлер” одан сайын шошып, қызды тастай сала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен далаға секіруге ұмтылған. Есікті қаққан – көрші пәтерде отырып, Валерияның қауіпсіздігіне қарайтын “күзетшісі” екен. Ол әлгі екеуінің артынан тұра қуып, екеуін де тырп еткізбей ұстап алды. Сөйтіп екеуін енді шын полицейлердің қолына өткізіп жіберіпті.

Сотта айыпталушылар істеген істеріне қатты өкініп, кешірім сұрап, “енді олай істемейміз” десті. Жәбірленген қыз келтірілген шығын өтелді, оларға қояр талабым жоқ деп, тіпті осы екеуін түрмеге тықпай-ай, жеңіл жаза беруді сұрады.

Сот үкімінде “екеуінің де 3 жыл 6 айға бостандығы шектелсін, 1029 теңге мөлшерінде процессуалдық шығындарды өтесін және зардап шеккендерге өтемақы қорына 73 840 теңгеден тастасын” делінді.

Фото: Jonathan Hayward / The Canadian Press.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай