Спортта жүрген арулар 8 наурызды қалай қарсы алады

1526 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 08 Мар 2020, 11:40

8 наурыз күнін көктемнің алғашқы мерекесі деп санап, ер адамдар нәзік жандарға гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы арулар жақын туыс-туғандары мен ағайын достарының қошаметіне бөленіп, түрлі сыйлықтарға ие болып жатады. Жалпы, 8 наурыз күнін көктемнің алғашқы мерекесі деп санап, ер адамдар нәзік жандарға гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды. 

Читайте также
Ещё раз о женщинах в медицине

Біз бүгін қазақ спортының дамуына өз үлестерін қосып, ел намысын ерлермен тең дәрежеде қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшы қыздарымыз бен бапкерлерімізді құттықтай отырып, әрқайсысына бірдей сұрақтар қойып, жылына бір келетін мерекелерін қалай қарсы алатынын сұрап білген едік.

Сұрақ:

- 8 мартты қалай қарсы аласыз?

- Сізді ең алдымен кім құттықтайды?

- Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

Әлия ЖҮСІПОВА, көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері.

Читайте также
Полицейские поздравили женщин-водителей стихами и цветами

- Мен өз басым осы 8 наурыз мерекесін негізінен жұмыста қарсы аламын. Бапкер болғаннан кейін мойыныңда елдің жүгі бар. Арқалаған міндетті абыроймен адал атқару керек. Бізде арнайы бекітілген жұмыс кестесі бар, сол кестеге сәйкес мереке күндері болса да еңбек етуге дайынбыз.

- Мені ең алдымен ата-анам, інім, сосын жұмыстағы әріптестеріммен шәкірттерім құттықтайды.

- Мен шіренген шендінің бірі емес, қарапайым жаттықтырушымын. Маған кім не сыйласа да, жүрегімен, таза пейілімен сыйласа кез келген сыйлық ұнайды. Мысалы, айта кетейін, менің өзім тәрбиелеп жатқан кішкентай шәкірттерім бір жапырақ ақ қағазға неше түрлі бояулармен суреттер салып, маған тарту етіп жатады. Міне, нағыз сыйлық деп мен осыны айтар едім. Себебі, кішкентай қыздар оны жүректерінен маған арнап, өз қолдарымен салды. Мен ондай сыйлықтарды ешқашан жоғалтқан емеспін. Үйіме апарып, жинап, сақтап жүремін.

Әсел ДӘЛИЕВА, тоғызқұмалақтан 9 дүркін әлем чемпионы.

Читайте также
Общественность возмутили сексистские заявления филолога Омара Жалела

- Мен әркез 8 наурыз мерекесін өзімнің ата-анам, ата-енеммен отбасымызда қарсы аламыз. Солармен бірге өткізгенді жақсы көремін.

- Тұрмысқа шыққаннан бері ең алдымен мені, әрине, күйеуім құттықтайды. Сосын ары қарай балаларым мен туыс-туғандарым, сосын дос-жарандарым құттықтайды.

- "Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз" дейсіз бе? Әрине, бірінші кезекте гүл алғанды ұнатамын. Бірақ, әрқандай сыйлықтың өз ерекшелігі бар. Бастысы шын жүрегімен ұсынған сыйлықтың барлығын жақсы көремін.

Жазира ЖАППАРҚҰЛ, ауыр атлетикадан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада ойындарының жүлдегері.

Читайте также
Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанок с 8 Марта

- 8 наурыз мерекесін отбасымызбен бірге қарсы аламыз. Бұл мереке біз үшін, яғни әйелдер қауымы үшін ең үлкен мерекелердің бірі деп есептеймін. Сол үшін міндетті түрде атап өтеміз.

- Мені осы мерекеде ең алдымен Альфия деген жиенім құттықтайды. Ол тек 8 наурызда ғана емес, басқа да мерекелерде, спортта жеткен жетістіктерімнің барлығын бірінші болып құттықтайды. Өзге де туыстарым, дос-жарандарым жарысып, қоңырау шалып құттықтап жатады. Барлық құттықтаушыларыма алғыс айтамын.

- Сыйлықтың жаманы жоқ, үлкен спортта жүргеннен болар үлкен сыйлықтарды ұнатамын. Мысалы, машина, пәтер (күліп). Ал қыздардың ең сүйікті сыйлығы ол – гүл. Өз басым тірі, кәдімгідей үйде өсіруге арналған гүл сыйлаған адамдарды қатты жақсы көремін.

Феруза ЕРГЕШОВ, Таэквондошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия біріншілігінің чемпионы, Азиада ойындарының күміс жүлдегері, көптеген халықаралық додалардың жеңімпазы, Лондон олимпиадасының қатысушысы.

- 8 наурыз мерекесін негізінен отбасыммен қарсы аламын.

- Әрине, бұл мереке күні мені ең алдымен жан жолдасым, яғни күйеуім құттықтайды. Ары қарай туыс-туғандарым, дос-жарандарым бар.

- Мен үшін сыйлықтың ең үлкені — әрдайым отбасымыздың аман болғаны.

Фото: kazinform, homester.com.ua.

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером