Temu-ден Африка да қорқып отыр

1732 просмотров
0
Ратель
Пятница, 18 Апр 2025, 12:00

Оңтүстік Африка Қытай маркетплейстеріне қарсы шараларды күшейтуде

Temu – қытайлық PDD Holdings тобына тиесілі платформа (олар сондай-ақ Pinduoduo-ны басқарады) – Оңтүстік Африкада өз аудиториясын ай сайын арттырып келеді. Оның нарыққа сәтті шығуының басты себебі – агрессивті баға саясаты және тұтынушыға жаппай бағытталған бизнес модельдері. Платформа ұсынатын тауарлардың бағасы жергілікті бөлшек саудагерлердікінен әлдеқайда арзан. Statista компаниясының зерттеуі бойынша, 2024 жылдың ортасына қарай Temu мен Shein сияқты қытайлық маркетплейстердің Африкадағы электрондық сауда нарығындағы үлесі 12%-ға жеткен. Бұл – өсіп келе жатқан бәсекелестік пен нашар инфрақұрылым жағдайында айтарлықтай көрсеткіш.

Читайте также
АҚШ-та кеткен есесін Temu Қазақстаннан қайтаруы мүмкін

Аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда, Оңтүстік Африка Республикасы Қытай платформаларынан ең көп қысым көріп отырған елдердің бірі. Оңтүстік Африка Сауда және өнеркәсіп палатасының деректеріне сүйенсек, 2023 жылы Қытайдан келетін тауарлар импорты 11,5%-ға өскен. Бұл басқа елдерден келетін жалпы импорт өсімінен екі есе жоғары. Қытай – Оңтүстік Африкаға тоқыма бұйымдарын негізгі жеткізуші, орташа айлық импорт көлемі 4,2 миллион рандты (шамамен $237 мың) құрайды.

Mr Price, Pep, Cotton On және Woolworths сынды жергілікті компаниялар Temu мен Shein ықпалының артуына алаңдаушылық білдірді. Олар Қытай платформалары тек нарықтағы үлесін тартып қоймай, сонымен қатар жұмыс орындарының жаппай қысқаруына әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Оңтүстік Африкадағы жұмыспен қамту туралы есепке сәйкес, елдегі жұмыс орындарының шамамен 20%-ы бөлшек сауда мен тоқыма өнеркәсібінде шоғырланған. Жергілікті саудагерлердің сатылым көлемінің күрт төмендеуі осы секторларда жұмыссыздықты арттыруы мүмкін. 2023 жылы шағын және орта бизнес секторында 5%-дық қысқару тіркелген. Оңтүстік Африка электрондық сауда қауымдастығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың шілде-қыркүйек айларында елде үш ірі интернет-дүкен жабылып немесе сатылып кеткен. Сарапшылар бұл жағдайды шетелдік маркетплейстердің жергілікті ойыншылардың позициясын әлсіретіп жатқанының айқын белгісі ретінде бағалайды.

Оңтүстік Африканың Бәсекелестік жөніндегі комиссиясының басшысы Дорис ТСЕПЕ электрондық сауда секторында тең мүмкіндіктер жасау қажеттігін атап өтіп, үкіметтің бұл үшін барын салуға дайын екенін айтты.

2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Оңтүстік Африкада 500 рандтан (шамамен $28) төмен құндағы тауарларды импорттауға ҚҚС (қосылған құн салығы) төлемей және бар болғаны 20%-дық ең төмен баж салығымен өткізуге мүмкіндік беретін салықтық жеңілдік болған. Бұл Temu мен басқа да қытайлық платформаларға тапсырыстарды ұсақ сәлемдемелерге бөліп, толық салық төлеуден қашуға мүмкіндік беріп, жергілікті сатушылармен салыстырғанда артықшылық берген.

Читайте также
Temu-дан зат алудан қорықпайсыз ба

Алайда, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Оңтүстік Африка Салық қызметі (SARS) салық заңнамасына өзгерістер енгізді. Енді құны 500 рандтан төмен барлық импорттық тауарларға 45% баж салығы және ҚҚС төлеу міндеттелді. Бұл Temu сияқты платформалар арқылы келетін тауарлардың бағасының айтарлықтай өсуіне алып келді. Осылайша, билік бірден үш мақсатқа қол жеткізуді көздейді: Оңтүстік Африкадағы тоқыма және электроника салаларындағы өндірушілерді қорғау, жергілікті ритейлерлерге тең бәсекелестік жағдай жасау және ел бюджетіне түсетін кірісті арттыру.

Сонымен қатар, салықтық өзгерістерден бөлек, Оңтүстік Африка халықаралық маркетплейстер арқылы келетін тауарлардың сапасына да назар аудара бастады. 2025 жылы шетелдік компаниялардан өнім сапасына қатысты жергілікті стандарттарға сай болуды және тіркеуден өтуді талап ететін қосымша регламенттер енгізу жоспарланып отыр.

Соған қарамастан, Оңтүстік Африка қабылдаған бұл шараларға ерегескендей, Temu бүкіл Африка құрлығында белсенді түрде кеңеюін жалғастыруда. Мысал ретінде жақында Temu платформасының Нигерияда іске қосылуын келтіруге болады. Бұл елде Temu 2025 жылы сату көлемін 15%-ға арттырады деп болжануда. 2026 жылға қарай Temu Африкадағы электрондық сауда нарығының 25%-ын иеленуі мүмкін, бұл жергілікті өндірушілерге қысым болмақ.

Осылайша, қытайлық платформалар Африкада үстемдікке ұмтылып жатқанда, аймақ елдерінің үкіметтері электрондық сауданы реттеудің және жергілікті өндірушілердің мүдделерін қорғаудың жаңа жолдарын іздеуде.

Фото: shutterstock.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Следствие по делу Bek Air: эксперты без лицензий и конфликты интересов?
Адвокаты указывают на нарушения и сомнительные экспертизы в расследовании авиакатастрофы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Микробизнес под микроскопом – государство изучает, но не помогает
Казахстанские ИПшники выживают вопреки системе, придуманной вроде как для них
Комсомольское прошлое и настоящее
Почему обречен на забвение мемориал близ Алматы
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента