Тоқаев: Қоғамдық келісімді сақтау — еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы

1580 просмотров
0
Ратель
Четверг, 26 Янв 2023, 12:45

Президент саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұру керегін атап өтті

Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Читайте также
Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

"Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ, көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі Тәуелсіздігіміз.

Мен бұл туралы "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаламда айттым. Өйткені, Тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді.

Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан, біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек", - деді ҚР президенті.

Одан бөлек, президент саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұру керегін атап өтті.

"Кез келген саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұруға тиіс. Қоғамға, ең алдымен, әрбір сөзіне және ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет. Сонда азаматтардың елдік саясатқа деген сенімі артады. Ал, сенім – бұл аса маңызды құндылық.

Біздің елімізге заң үстемдігі және азаматтық тәртіп аса қажет. Бауыржан Момышұлы "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп айтқан. Заңды сыйлайтын елдің қашанда ұпайы түгел", - деді ол.

Читайте также
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: ҚР Ұлттық мұражайы директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қоғамдық келісімді сақтау еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы екенін еске салды.

"Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық ең асыл құндылық екеніне бәріміз көз жеткіздік. Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кететінін көрдік. Біз ел бірлігінің арқасында барлық қиындықты жеңіп келеміз. Сондықтан, барды бағалап, ырысты ынтымағымызды қорғау – бәрімізге ортақ қасиетті борыш.

Біз бір-бірімізге қамқор, жанашыр болып, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. Қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы. Біз не істесек те, ел мүддесі үшін жасаймыз.

Мақсатымыз – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпаққа табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін", - деп атап өтті ол.

Фото: t.me/aqorda_resmi.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
«Докажите, что ваш дом опасен»: почему пожарную безопасность многоэтажек перекладывают на самих жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о пожарах в жилых комплексах Казахстана, ответственности государственных органов и праве граждан на безопасность
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Что происходит в Польше и почему там заговорили о госперевороте
Конфликт вокруг Конституционного трибунала привёл к ночным протестам, экстренному возвращению президента в Варшаву и требованию вотума недоверия правительству Дональда Туска
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Токаев повышает ставки: великая перезагрузка власти и капитала в эпоху мирового раскола
Послание 2026 о новом этапе реформ, едином центре инвестиционной политики, цифровой экономике и новой цене казахстанского суверенитета
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай