Түрік телеарнасы "Томирис" фильмінің желісі бойынша сериал түсіреді

1798 просмотров
0
Ратель
Среда, 17 Ноя 2021, 12:00

Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырмақ

Қазақстан мен Түркия "Қазақфильм" киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген, режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал түсірмекші. Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырмақ.

Читайте также
Қазақстандық актер Лос-Анджелесте "Үздік ер адам рөлі" марапатын жеңіп алды

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жақында Ыстамбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival түрік арнасының өкілдерімен кездесуінен кейін белгілі болды. Аталған басқосуға "Қазақфильм" киностудиясының басшылығы – президенті Ақан Сатаев пен вице-президент Айдар Баталов та қатысты.

Айта кетейік, "Қорқыт ата" фестивалінің шымылдығын ашқан "Томирис" фильмі түрік жұртшылығына жақсы таныс. Қыркүйек айында массагеттер ханшайымы туралы кинотуынды Түркияда 200-ден астам кинотеатрында көрсетіліп, көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, фестиваль барысында түркі әлемі елдерінің кинематография саласындағы ынтымақтастығын дамытуға тың серпін беретін маңызды құжатқа қол қойылды. Келісімге ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Әзірбайжан Республикасының мәдениет министрі Анар Керимов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов, "Өзбеккино" ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов және Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой қол қойды. Құжат аясында тараптар түркі әлемінің киноиндустриясын қолдауға бағытталған бірлескен қор құруға келісті.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильм" киностудиясының басшылығымен бірге белгілі түрік кинематографистерімен және фестиваль қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Читайте также
Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

Естеріңізге сала кетейік, биыл Түркияның мәдениет және туризм министрлігі алғаш рет ұйымдастырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Байқау бағдарламасында "Қазақфильмнің" туындылары, оның ішінде режиссер Рүстем Әбдірашовтың "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмі, режиссер Бақыт Қайырбековтың "Огонь, мерцающий в сосуде" деректі фильмі, режиссер Адай Әбелдиновтың "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмі, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" кинотуындысы және т.б. көрсетілді.

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі кезінде "Қазақфильм" киностудиясы Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды. Киностудия президенті Ақан Сатаевқа Respect Award атты жүлдені белгілі түрік актрисасы Фахрие Эвджен табыстады.

Келесі жылы аталған фестиваль Түркияның Бурса қаласында өтеді. Ал 2024 жылы оны Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фестиваль түркі тілдес елдердің рухани астанасы – Түркістанда өткізілуі мүмкін екенін атап өтті.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента