Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар азаяр емес

1533 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 22 Ноя 2020, 11:30

Қазіргі таңда Арыс ауданында карантин талабын орындамаған 372 азамат анықталған

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және Арыс қаласы әкімдігі бірлесіп, мониторингтік топ құрамында аудандағы карантин талаптарының сақталуына рейд жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Читайте также
Енесі келінін соққыға жықты: Алматы облысындағы жағдай немен аяқталды

Мобильдік топ мүшелері қаладағы тамақтану орындарында, сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде санитарлық талаптар мен маскалық режимінің сақталуын қадағалауда. Осы тұста карантин талаптарына немқұрайды қарап, санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда Арыс ауданында карантин талабын орындамаған 372 азамат анықталған. Олардың басым көпшілігі белгіленген уақыттан кейін де жұмыс жасап тұрған дүкен мен ойынхана иелері. Мысалы, Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан ойынхана сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеп жатқандығы белгілі болды. Ойынханаға келуші азаматтардың да ешбірінде медициналық бетперде болмаған. Сонымен қатар індет өршіп тұрған уақытта жиын, той жасаушылар қатары да азаяр емес. Ашығын айтқанда, Арыс қаласындағы бірнеше тойханалардың карантин талаптарын бұзып, "Қыз ұзату", "Беташар" сияқты той жасап, шектен тыс тұрғындарды жинағаны анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

"Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай