Жамбыл облысында ұлтаралық қатынастарды нығайту қалай жүргізілуде

1779 просмотров
0
Ратель
Суббота, 03 Окт 2020, 11:30

Бағдарламаны іске асыру шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаудан басталған

Жамбыл облысының тұрғындары Қордай ауылындағы орын алғаноқиғалардан кейін әкім Бердібек Сапарбаевтың шешімімен «Бейбітшілік пен келісім» жобасықолға алынғандығынан хабардар. Жоба мақсаты – қақтығыс аймағындағы әлеуметтік үйлесімді қалпына келтіру және мұндай оқиғалардың алдын алу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарламаны іске асыру шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаудан басталған. 25 елді мекенге түрлі себептерге байланысты атқарушы биліктің қосымша назары қажеттігі белгілі болып отыр. Бұл елді мекендерге арнайы құрылған бес мониторингтік топ мүшелері барып, халықпен көптеген кездесулер өткізген. Жүздесулер нәтижесі бойынша шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселелер анықталған.

Читайте также
Қызметкерлері парамен ұсталған 6 әкім жұмысынан кетті

Облыс әкімімен өткен кездесуде аталған топ жетекшілері ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік мәселелер, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, діни және құқықтық мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Ақпараттық-насихат тобын басқарған ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов "Бейбітшілік пен келісім" жобасын іске асыру бойынша Жол картасына енген 89 тармақтың Қордайдағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты 27-тармағы орындалғанын, 50-і орындалу үстінде екенін хабарлады. Ал, қалған алтауының мерзімдері ұзартылса, тағы алтауы бойынша қосымша қаржы қажет.

Басқа аудандардағы елді мекендерге келетін болсақ, онда ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, соның негізінде анықталған мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданбақ.

Басқа топтардың жетекшілері – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Жорабек Баубеков, дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Еркін Атымтаев, облыс прокурорының орынбасары Руслан Исаев та анықталған мәселелер хақында тоқталып өтті. Атап айтқанда, жұмыс орындарының тапшылығы, ауыз су және суармалы сумен қамтудағы қиындықтар, жайылымдардың жетіспеушілігі, үй және шаруа қожалықтарының өнімдерін өткерудегі түйткілдер, құқық қорғау органдарына және медициналық көмектің сапасына байланысты шағымдар.

Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер жөніндегі топ жетекшісі Жорабек Баубековтің айтуынша, кездесулер қорытындысы бойынша 83 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 50 адам жастар практикасына жіберілген. Ал, 1025 адам бизнес-идеяларын жүзеге асыруға қайтарымсыз гранттарға, 58 адам шағын несиелерге қол жеткізген.

Читайте также
"Көлсай көлдері" паркі ЮНЕСКО-ың әлемдік биосфералық резерваттар тізіміне кіруі мүмкін

Сонымен бірге Ж. Баубеков ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін мемлекеттік бағдарламалардан хабарсыз екендігін тілге тиек етті. Бұған ішінара қоғамдық-саяси жаңалықтарға онша қызығушылық танытпайтын жергілікті тұрғындардың өздері де кінәлі. Спикер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына түсіндіретін арнайы насихат топтарын құруды ұсынды. Бұл ұсынысты облыс әкімі қолдады.

"Бейбітшілік пен келісім" жобасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылған десек те, жиынға қатысушылар шешілмеген мәселелерге көбірек назар аударды. "Біз қақтығыстардың қалай алдын алуға болатынын түсіндік, бейбіт жолмен шешілген кездер де болды. Алайда, мұндай жағдайлар мүлдем туындамауы тиіс, ол үшін көп нәрсе атқарылуы керек. Ел басшылығы бұл мәселелерге жіті назар аударып отыр", - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Тұрғындар сенімсіздік білдіретін жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, теологиялық білімі әлсіз имамдарға тағы басқаларға қатысты шағымдар айтылды. "Көбіне жергілікті деңгейдегі әкімдердің дәрменсіздігінен қабылданған шешімдер нәтижесіз болады. Бұдан былай аудан әкімдерінен атқарылған жұмыстар туралы нақты сандар мен фактілер, ауылдық округ әкімдерінің есептерін үнемі тыңдап отыруды талап етемін", - деп ескертті Б.Сапарбаев.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Олардың орындалу барысы келесі басқосуларда талқыланатын болады.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің фотосуреті.

Оставьте комментарий

Регистрация для комментариев:



Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Серик Буркитбаев: Вода - это суверенитет
Почему идея поворота сибирских рек опасна для Казахстана и какой водный сценарий эксперт считает стратегически верным
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером