Жанармай бекетінің жақсысы: Qazaq Oil-ға кіргендер риза боп шығып жатыр

1386 просмотров
0
Ратель
Пятница, 20 Июн 2025, 10:00

Іске жүйелі кірісу, тың технологиялар мен клиентке жақсылап бет бұру – Qazaq Oil компаниясын саланың көшбасшысы қылды

Қазіргі мынау тұтынушылық заманында тұтынушылардың талаптары барған сайын биіктеп барады. Бұл жағдайда Qazaq Oil компаниясы цифрландыру, сапаны бақылау мен жаңа технологияларға иек артуды шешкен екен. Клиентті зерттеуден бастап, логистика, техникалық инфрақұрылым мен жанармай сапасын сақтауға дейінгі барлық салаларға инновациялық шешімдер келіп жатыр.

Сөзді сараптау: қызметтің бәрі “Сәлеметсіз бе!” деген сөзбен басталады

Сөз аналитикасы – клиенттерге қызмет көрсету сапасын бағалаудағы негізгі құралдардың бірі екен. Әрбір кассирге дыбыс жазатын құрылғы жапсырылып тұр, ол жасанды интеллект көмегімен клиенттермен арадағы әңгімені тіркеп, талдайды. Әңгіме сыпайы болды ма, қосымша тауарлар мен қызметтерді ұсынылып, акциялар аталды ма – жасанды жүйе соны бақылайды. Нәтижесінде қызметкерлерге жекелеген есеп жүргізіліп, олардың рейтингі қалыптасады. Бұл әлсіз жерлерді жылдам анықтап, ашықтық пен дамуға негізделген қызмет мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық “Шағым кітабы” және жылдам кері байланыс

Компания “Шағымдар мен ұсыныстар кітабын” цифрлық форматқа ауыстырды. Жанармай бекеттерінің бәрінде QR-код қойылып, клиент сол код арқылы пікір қалдыра алады не сұрағын қоя алады. Оның бәрі автоматты түрде бір жүйеге жиналып, оны мамандар өңдейді. Мұндай тәсіл бірде-бір өтініштің назардан тыс қалмауын және кері байланыс тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Ситуациялық орталық пен нақты уақыт режиміндегі логистика

Qazaq Oil базасында жанармай өнімдерінің қозғалысын кешенді түрде бақылайтын ситуациялық орталық жұмыс істейді. Мұнда жанармай бекеті мен базадағы жанармай қорлары және бензовоздардың қозғалысы туралы онлайн мәліметтер келеді. Бұл логистиканы дер кезінде түзетуге, ешбір жанармай бекетінде жанармайдың таусылып қалуын болдырмауға және жеткізу стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орталық жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын және негізгі техникалық жабдықтың жай-күйін бақылайды.

Сапаны бақылау: ешбір партия тексерусіз қалмайды

Qazaq Oil жанармай сапасын бақылаудың мықты жүйесін енгізді, ол сақтау қоймаларынан бастап бекетке жеткізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Сапаны тексеру Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы үш зертханада жүргізіледі. Әр партиядан алынған сынамалар егжей-тегжейлі тексерістен өтеді. Мұндай тәсіл жанармай сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапасыз өнімге жол бермейді.

Адамның араласуынсыз жанармай құю – клиент үшін ыңғайлы

Клиенттің қалауын цифрландыру – Qazaq Oil-дің тағы бір басым бағыты. VLife мобильді қосымшасы арқылы араға ешкімді салмай жанармай құйып алуға болады. Геолокация жүйесі клиенттің қай бекетте тұрғанын автоматты түрде анықтайды. Тек колонканы таңдап, соманы көрсетсеңіз – касса алдына бармай-ақ жанармай құйып алуға болады. Бұл қызмет уақыты тығыз асығыс жүргізушілер үшін өте керек.

Жабдықты модернизациялау: Бастысы – қауіпсіздік пен дәлдік

Ребрендинг аясында Qazaq Oil инфрақұрылымды қатты жаңартты. Жанармай бекеттерінде Ұлыбританияда жасалған Durapipe PLX құбырлары орнатылды. Бұл құбырлар коррозияға төзімді, герметикасы мен экологиялық қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, 50 м³ дейінгі көлемдегі отандық сертификатталған резервуарлар орнатылды, олар қауіпі жоғары нысандарға қойылатын қатаң талаптарға сай келеді.

Жанармай құятын жабдықтарға ерекше мән берілген: Qazaq Oil бекеттерінде немістің Gilbarco маркасының колонкалары тұр – бұл әлемдік деңгейдегі дәлдік, деректерді қорғау және үздіксіз жұмыс принциптерін қамтамасыз етеді.

Жүйелі жұмыс, жаңа технологиялар мен клиентке бет бұру – Qazaq Oil компаниясын саланың көшбасшысы етті. Мұнда енгізіліп жатқан инновациялар жай тренд емес, тұрақты әрі ашық бизнес құруға арналған нақты жұмыс құралдары.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Петр Своик: «Мы не опаздываем, но пора действовать»
Эксперт о реформе Токаева, ошибках прошлого и о строительстве новой политической системы
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента