Жапония Қазақстан компаниясына санкция енгізді

2203 просмотров
0
Ратель
Пятница, 10 Янв 2025, 14:00

Бір жеке тұлғаның және бір банктің активтері бұғатталды

Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Бұл шектеулер Қазақстанның бір ұйымына да әсер етті, деп хабарлайды Massaget.kz Nikkei-ге сілтеме жасап. 

Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне кран қозғалтқыштарының бөлшектері мен басқа да арнайы жабдықтарға арналған бөлшектерді, сондай-ақ шағын мотоциклдерді қосатын 335 позиция енгізілді. Бұл тыйым Ресейдің өнеркәсіптік әлеуеті күшеймеуі үшін керек.

Читайте также
Лукашенконың соңғы спектаклі

Сонымен қатар химиялық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін капсаицин сынды химиялық заттар да тыйым салынған заттар қатарына енгізілді. Бұл тауарлардың экспортына қойылған шектеу 23 қаңтарда күшіне енеді.

Үкімет шешімінде санкцияларды айналып өтуде Ресейге көмектеседі деп күдікке ілінген алты елдегі 31 ұйымға экспортқа тыйым салу да қарастырылған. Бұл елдер қатарында Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркия бар. Санкциялар енгізілген ұйымдардың атаулары есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне қосымша ақпарат алу үшін сұрау салынды.

Сонымен бірге, Ресейдің 11 жеке тұлғасы, 29 ұйымы және 3 банкі активтерді бұғаттау тізіміне енгізілді. Бұған қоса, ресейлік емес бір жеке тұлғаның және бір банктің активтері бұғатталды.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса ХАЯШИ баспасөз мәслихатында Жапонияның Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастыратынын және жеті ірі экономика тобындағы (G7) елдермен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Фото: unsplash.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Следствие по делу Bek Air: эксперты без лицензий и конфликты интересов?
Адвокаты указывают на нарушения и сомнительные экспертизы в расследовании авиакатастрофы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Микробизнес под микроскопом – государство изучает, но не помогает
Казахстанские ИПшники выживают вопреки системе, придуманной вроде как для них
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента