Жолы болмаған «жиһадшылар»

3377 просмотров
0
Динара БЕКБОЛАЕВА
Четверг, 02 Ноя 2017, 09:30

Онтүстік Қазақстан жастары Сирияға кетіп қала жаздады

Читайте также
Переход на латиницу: цена вопроса

Оңтүстік Қазақстандағы дін мәселесін зерттеу орталығы жастарды діни экстремистік топтарға қалай арбап кіргізетіні туралы видеоролик жариялады.

Сонымен қатар, теологтар терроризмді насихаттағаны үшін түрмеге қамалған жастармен арнайы сұхбаттар жүргізген.

Ең үлкендерінің жасы 30-да толмаған. Ең жасы он сегізде. Олардың еш қайсысы түрмеге түсеміз деп ойламаған. Интернет желілеріндегі діни ұстаздарының әрбір айтқанын құп көріп, ислам халифатына шүбәсіз сенген. Мұсылман бауырлары үшін соғысуға Сирияға кетуді ойлаған.

Алайда олар «жиһадқа» аттана алмады. Арнайы құрылымның қолына түсті. ОҚО жастары Сириядағы соғысқа кетіп қала жаздады.

«Маған Қазақстанда өмір сүру харам дедi»

Читайте также
Подозреваемый в наезде на людей на Манхеттене является выходцем из Узбекистана

Салафизм ағымы өкілдерімен танысуы, олармен достасуы өз өмірінің күл-талқанын шығарғанын жасырмаған Қанат КЕНЖЕБАЙ жасы небәрі 24-те.

- Басында салафиттердің барлық әрекеттері көңілімнен шықты. Олардың бір-біріне деген бауырмалдығы, сақал өсіріп, балағы қысқа шалбар киетіні ұнайтын. Олармен өте тығыз байланыста болдым, бірге жүрдік. Салафиттер мешіттегі имамдар мен молдаларға сенуге болмайтынын, өйткені олардың сөздері Құран мен Сүннетке қарсы екенін айтатын. Ал Құран мен Сүннетті сақтамайтындарды салафиттер адасқандар деп санайтын, – дейді Қанат.

Салафиттермен жақын араласа бастаған Қанатқа осы ағым ғана тура жолға бастайтындай көрінгені сондай, күні бойы интернетте салафит көшбасшылардың уағыздарын тыңдаудан жалықпайтын. Уақыт өте келе бұл ағымның ұстанымын өзінше дұрыс санаған Қанат әлеуметтік желілерде Сирияға барып, мұсылман бауырлар үшін соғысуға шақыруды бастайды. Өзінің бір досы жихадқа кеткенде, Қанат та оның соңынан Сирияға кетпекке бел буады.

- Маған Сирияға кел, бауырларың үшін соғыс деген сыңайда WhatsApp арқылы талай хаттар келді. Олар «Қазақстанда қалу, сол жерде өмір сүру– харам» деп те үгіттеді. Мен ойлана келе Сирияға кетуге бел будым. Алайда құқыққорғаушылар жолымды кесті, – деп есіне алады Қанат бостандықтағы өмірін.

Осылайша Қанат Кенжебай Сириядағы соғысқа көпшілікті шақырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

«Бұл әрекетімнің заңға қайшы екенін білмедім»

Читайте также
Подозреваемый в наезде на людей на Манхеттене является выходцем из Узбекистана

Сарыағаш қаласының тумасы Зайнап ТҰРҒЫНБАЙ дзюдомен шұғылданған, үлгілі оқушы. Ата-анасының мақтанышы ғана емес, ертеңінен үлкен үміт күттірген қыз болды. Медреседен діни білім алғысы келетінін айтқанда Зайнаптың ата-анасы бастапқыда таңданғаны рас. Уақыт өте келе медреседен алған білімі аздық етіп, жас қыз діни сауатын интернеттен жетілдіруге кіріседі.

- Бір күні Сирияға баруға шақыртқан лекцияны көзім шалды. Бұл адамдардың дүниетанымы мен ұстанымы маған дұрыс сияқты көрінді, өйткені мен ислам жөнінде сауатым аз еді. Сөйтіп, әлеуметтік желіде жихадқа кеткен бірнеше адаммен таныстым. Олар өздеріне шақырып, күн сайын хат жазатын, – дейді Зайнап.

Өзі ғана оқып қоймай, Зайнап интернеттегі материалдарды достарымен бөліседі. Экстремистік бағыттағы осындай материалдармен бөліскені үшін 18 жасар Зайнап ендігі бес жылын темір тордың арғы бетінде өткізеді.

Дәл осындай жағдай 29 жастағы КӨЛБАЕВ Серіктің де басынан өтті.

Жас жігіт экстремистік сарындағы материалдарды әлеуметтік желідегі достарына жіберуді күнделікті әдетке айналдырады. Өзінің заңға қайшы әрекеттер жасап отырғанына есеп бермеген Серік те алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Читайте также
Должна быть конкуренция мозгов, а не понтов

«Мені әпкем азғырды»

ОҚО Қазығұрт ауданында дүниеге келген 20-жасар Аян САРЫБАЕВА қазіргі жағдайына әпкесін кінәлайды. Сирияға кеткен немере әпкесі шынайы мұсылмандардың қайда тұруы керектігін айтып жиі хат жазыпты. Сонымен қатар, экстремистік ұйым басшыларының уағыздарын жіберіп отырған.

- Ол маған «Вконтакте» желісі арқылы Сириядағы соғыс туралы ақпаратты, түрлі хадистерді жіберді. Ал мен ондағы жазбаның бәріне сендім. Бұл шын ба, өтірік пе деп ешкімнен де сұрамадым. Оның үстіне менің сауалдарыма жауап беретін адам болмады. Әрине, бәріне өзім кінәлімін. Сол кінәм үшін жазамды өтеп жатырмын, - деп Аян көз жасына ерік берді.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда жастар бұған дейінде Сириядағы соғысқа жиналған. Кейбірі шекара асып, Сирияға кетті де. Ал енді біреулері заң алдында жауап берді. Жихадқа кеткендер мен баруға жиналғандар туралы нақты статистикалық мәлімет жоқ.

Десек те, ОҚО бойынша теріс діни ағым өкілдерінің соңғы уақытта күрт көбеюінен қаншама жастардың санасы уланып жатқанын шамалау қиын емес. Мешіттегі имамдар да жыл сайын Абу Ханифа масхабын ұстанбай, басқа діни ағымға түскен жүздеген адамдар туралы ақпарат таратады.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером