Зиялы азамат еді

2166 просмотров
0
Иманбай Жубай
Вторник, 13 Апр 2021, 15:00

Қазақ теледидарының марқасқасы Әміролла Сарым 81 жасқа қараған шағында қайтпастың кемесіне мінді

Бүгін Қазақ теледидарының ардагері Әміролла Сарым ағамыз дүниеден өтті...

Әбекең 1969 жылы Қазақ университетінің журналистика факультетін бітіргеннен соң, қара шаңырақ - қазіргі "Қазақстан" ұлттық арнасы, бұрынғы Қазақ теледидарына орналасады. Ұзақ жылдар жаңалықтар редакциясында қызмет жасады. Ақпараттың майын ішкен білікті маман болды. Комитет басшылары Әбекеңді Қызылорда облысындағы меншікті тілші тағайындайды. Онда абыройлы жұмыс істейді. Алматыға қайтып келіп, сол өзінің жаңалықтар қызметіне ауысады.

1992 жылы қараша айында Шерағаңның идеясымен жаңа таңғы "Таңшолпан" бағдарламасы ашылатын болып, мамандар іріктеліп жатқан кез. Бір күні арнаның директоры Рафаэль Бәйкенұлы Жұмабаев шақырып алып: "Редакцияларын жаңа әрі құрамы жас. Сендерге ақыл-кеңес айтып отыратын адам керек. Сондықтан, жаңалықтардағы Әміролла Сарым ағаңды сендерге ауыстырайық. Ол өте сауатты, білімді азамат,"- деді. Сөйтіп, ағамыз бағдарлама жабылғанға дейін комментаторы болып істеді. Ағам екі тілге бірдей, ақпараттарлың мәтінін өзі түзейді. Содан бері ағалы-інілі болып жүрдік. Кітапты көп оқитын, шахматқа да шебер еді. Мінезі биязы, салмақты, жастарға нағыз ұстаз болған болатын. Әбекең менің әкем екеуі - 1940 жылғы, түйдей құрдас еді. Әкем Алматыға бір келгенде екеуін таныстырып, екеуі де мәз болып қалған еді.

Шерағаң кеткеннен соң, басқа бір ханым келіп, жалпы корпорацияда опай-топайын шығарған заманда, Әбекең Қазақ радиосына ауысады. Зейнетке шыққанда да, Әбекең қара шаңыраққа келіп, тұстастарын түгендеп, қуанып қалатын. Біз жиі байланыста болатын едік. Ұзынағаштан хабарласып тұратын, соңғы бір жылда ауырып жүргенін де білдірмепті. Төрт күн бұрын ұлы Айдос ініміз қоңырау шалып, әкемізді қалаға көшіріп алдық деген... Дереу ағаның үйіне барып, көңілін сұрап, екі сағаттай әңгімелесіп, марқайып қалған еді. Кетерде батасын беріп, Жаратқаннан бұйрық болса, мен дайынмын деген...  

Өзі жаны жаздай ағамыздың ниетіне Ораза айында үзілді. Жаны жаннатта, топырағыңыз торқа болсын!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай