Атырауда стационардағы коронавирус науқастарының саны 4 есе азайды

1269 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 20 Сен 2021, 19:00

Жиында облыстық денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев өңірдегі эпидемиялық жағдайды баяндады

"Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста облыстық денсаулық басқармасының басшысы мәлімдеді", - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыстық денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев өңірдегі эпидемиялық жағдайды баяндады.

"Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 433 науқас емделуде. Төсек-орын жүктемесі 18,4 %-ды құрайды. Ал, осыдан бір ай бұрын 1776 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын. Бүгінгі күнмен салыстырсақ науқастар саны 4,1 есеге төмендеп отыр. Сондай-ақ, соңғы бір айды саластыратын болсақ амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар саны 8693-тен 1534-ге төмендеген, яғни  5,6 есені құрайды", - деді ол.

Сонымен қатар, басқармасы басшысы облыстағы вакцинациялау жұмыстарына да тоқталып өтті. А.Байдуәлиевтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін өңірге 248 330 доза I компонент және 211 330 II компонент  вакцина жеткізілсе, тұрғындардың 72,5%-ы екпе алып үлгерген.

Десе де басқарма басшысы соңғы уақытта екпе жұмыстары бәсеңдеген аудандарды да атап өтті. Айталық, облыс бойынша екпемен қамтудың ең жоғарғы көрсеткіші Атырау қаласында 80,0% және Құрманғазы ауданында 65,0% болса, ал керісінше ең төменгі көрсеткіш Махамбет 52,7% және Жылыой ауданында 36,2% құрап отыр.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдеріне екпе жұмыстарын күшейту қажеттігін баса тапсырды.

"Елдегі вакцинациялау жұмыстарының оң нәтижелерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде насихаттау жұмыстарын жалғастырып, вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ  азаматтардың толық екпеден өтуін қамтамасыз ету керек", - деді М.Досмұхамбетов.

Айта кетейік, облыста індет басталғалы 49 762 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталып, осы аралықта сырқаттанған науқастардың 94%-ы сауығып шыққан.

Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
От автоспорта до звания академика: путь общественного деятеля Александра Белянова
Международная полицейская ассоциация – Япония, Испания, США и другие страны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай