Қара аспанды төндіргіш журналистер туралы

1967 просмотров
0
Ратель
Среда, 27 Ноя 2024, 14:00

Журналистер қоғамды, билікті сілкіндіретін мақалалар жазып, үзбей жариялап отырса игі болар еді...

Алтын астаудан жем жеп отырған бір сайттар бар. Әлгілерді кейде ақтарып шығамын. Құдай-ау, біреуінде бір жөнді мақала жоқ қой, жоқ. Танымдық, сараптамалық мақалаларды табу тіпті қиын. Жазатындары, жариялайтындары – ақпарат. Оның өзі бір қолдан шыққандай бірінен бірі аумайтын, ресми дерек көздерінен тараған ақпараттар. Меморгандар болмаса, бүгінгі журналистер ақпарат таппай арам қататын шығар тегі деп ойлаймын кейде, деген екен Дәурен ҚУАТ Abai.kz сайтында.

Фото: Abai.kz мұрағатынан.
Читайте также
Осылай отыра берсек, ертең доллар 600, 700 теңге болады

Ә, айтпақшы, бұлардың сүйіп, сүйсініп жазатын жалқы тақырыбы бар. Оны айтпасақ болмайды енді. Ол тақырып осы жылдың басында пайда болды. Жер сілкінісі. Әлемнің алыс шалғайында жарықтық жер сілкініп қалса, соны алдымен жарыса жазып, жаһанға жар салатын қазақ сайттары шығар. Кейде фейк жібереді: “Алматыда жыл соңына дейін қатты жер сілкінісі болады екен”, “әйтеді екен, бүйтеді екен” деп.

Алып тау баурайында, тым биік үйлерде тұратын жұрт ақпан мен наурыздағы жер сілкінісінен қорқып қалған. Олар осы күндері қосүрейлі хал кешуде. Сондай алаң көңіл елді шошытып, зәре құтын қашыратын ақпараттарды тықпалай беретін журналисттердің сондағы ойы не? Ел басына жамандық тілеу ме? “Апат келіп, астаң-кестең болып жатайық” дей ме әлде?

Сөзде (ақпаратта) заттанатын қасиет бар. Ел ішінде қандай сөз көп айтылады, сол сөз қоғамдық ортаға белсене араласып, санаға сіңеді, бұқаралық ойды жетегіне алып, әрекетке көшеді.

Алтын астаудан бас алмай күйсей беретін сайтсымақтар қайталап жаза беріп еді, кеше түнде Жетісу облысында жер сілкінді. Құдай сақтап ел аман, жұрт тыныш. Әрине, журналистердің бір тақырыпты жарыса жазғанынан Тәңірім жаратқан жарық дүние бүтіндей бүліне қоймас. Жер сілкінбей тұрмайды. Ал, анда-санда бір сілкінуі мүмкін жердің сілкінетіні туралы ақпараттарды реті келсін келмесін жариялай бергенімен сайттар бәрібір ол қауіптің алдын ала алмайды. Бір ғана алдын алу шарасы бар: ол – сейсмологиялық қауіпті аймақтарда тұратын елді түп қопара көшіріп әкетіп, қауіпсіз аймақтарға орналастыру. Солай істейік пе? Бұл жалпы мүмкін бе? Мүмкін емес, әрине. Ендеше журналистер қоғамды, билікті сілкіндіретін мақалалар жазып, үзбей жариялап отырса игі болар еді...

Дәурен Қуат, Abai.kz.

Фото: ашық дереккөзден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана