Бір тілде сөйлемейтін “ұрылар елінің” “ұлттық құрамасы”

2832 просмотров
0
Аслан Каженов
Вторник, 10 Июн 2025, 14:00

Тағы жеңілді да. Болмайтын нәрсе болмайды!

“Сәл сәттілік жетіспеді, төреші қарсыласқа көмектесті, негізі біз басым болдық”, - деген әңгімелерді қоя салайық.

Тарихта нәтиже қалады.

Қандай амалмен болсын, қазақ жігіттері өз алаңында жеңісті жұлып алуы керек еді.

Енді анау-мынауды алға тартып, ақтауға тырысудың қажеті жоқ.

Читайте также
Өзбекстан Әлем чемпионатында. Қазақ футболының болашағын Мәке-Жәке жеп қойды

Бұл тек бүгін болған жағдай емес.

Ұлттық құраманың жеңілісіне етіміз әбден үйренді.

Ұят жағдай.

Ал енді бұл салаға елімізде ең қомақты қаржы бөлінетінін ескерсек, тіптен масқара жағдай.

Соңғы 18 жылда халықтың аузынан жырып алынған 700 млрд теңге ауаға кетті деген сөз.

Оның алдында қаншасы бөлінді?! Қазір қаншасы бөлініп жатыр?!

Жалпы шығындану жағынан қарсылас елдерден бәленбай есе асып түсеміз.

Ал, нәтижеге келгенде, керісінше.

Бұған қоса, командада ауызбіршілік жоқ. Тіпті кей ойыншылар тарапынан мүмкін бас бапкерге, мүмкін федерация басшылығына қарсылық бардай көрінді.

Агенттердің де интригасы көп.

Жақсы емес.

Одан кейін бір тілде сөйлемеудің, бір рухпен ойнамаудың, бір толқында болмаудың да әсері көрініп тұрды. Оның үстіне шеберлік жағы да өте төмен.

Жалпы, 35 жыл бойы саланы майшелпекке айналдырып, ұрлап-тонап, ішіп-жеп, ойнап-тойлап, былыққа әбден батқан қазақ футболының көрінісі бұл.

Не дейміз? Өте өкінішті.

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Әсіресе, миллиондаған жанкүйерге обал. Үміті өшіп, сенімі сейілді.

Негізі қазақ халқы бұндай нәтижені көруге лайық емес еді.

Басы-қасындағылар не дер екен? Нақты жоспар бар ма? Түбегейлі реформа бола ма? Әлде сіздер де алдыңғылар сияқты әйтеуір қазанның қақпағын жылы жауып, уақыты келгенде тайып тұруды ғана ойлайсыз ба?!

Көрші елдің балалары әлем чемпионатына шығып жатыр.

Ал біз әлі күнге дейін жеңілістен көз ашпаймыз.

Жауап беретін уақыт келді...

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: kff.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай