Кирилл Павлов: Биыл да “Жем – елу, шөп – елу” деп шулаймыз

2720 просмотров
0
Кирилл ПАВЛОВ
Вторник, 15 Апр 2025, 16:00

Фермерлерге құлаққағыс: 2025 жылдың жазына болжам

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (WMO), NOAA және M-CASS спутниктік платформасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанды қиын кезең күтіп тұр. Ла-Ниньяның беті қайтқанымен, іле-шала жаңа проблема туындады – Тянь-Шань, Памир және Алтай тауларында қар әдеттегіден әлдеқайда аз жиналды.

Бұл – жазда өзендерде су аз болатынын білдіреді. Әсіресе елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына қиын болады – бұл аймақтар суармалы егіншілікке қатты тәуелді.

Читайте также
Қазағың кедей Қазақстан, қайда бара жатырсың

Қазақстанның оңтүстігінде көктемде нөсер жауындар болып, кей жерлерде су тасуы мүмкін. Бірақ жазға қарай жағдай күрт өзгеруі ықтимал: Сырдария өзені тайызданып, күріш пен қауын-қарбызды суғаруға су жетпеуі мүмкін. Алматы мен Балқаш өңірлерінде де жағдай күрделі – таулардағы қар тез еріп, су қоймалары толмай қалды. Осыдан жеміс-жидек пен көкөніске қауіп төніп тұр, егер көктемде жеміс үсікке шалынса – одан сайын қиын болады.

Елдің солтүстігінде биыл көктем ерте келді. Топырақ қазір ылғалға қаныққанымен, шілде айында аптап ыстық пен құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл жаздық бидай үшін жақсы жаңалық емес – жауын-шашын болмаса, астық азаюы ықтимал. Есесіне күздік егін еккендердің жолы болды.

Орталық және батыс аймақтарда да қауіп бар: жауын аз, жайылымдар нашар, жаз ортасында құрғақшылық күтіледі. Қарағанды облысында суарылмайтын егістіктер қатты зардап шегуі мүмкін. Шөп бағасының күрт өсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан – жылдағыдай қалт-құлт жағдайда. Тауларда қар жатыр, бірақ оның мөлшері тыс аз. Көктем кеш келеді, үсік қаупі жоғары. Жаз – әдеттегідей: су тапшы, егін маусымы ауыр болады.

Батыс Қазақстан – бөлек әңгіме. Мұнда жауын-шашын бұрыннан аз еді, 2025 жылы климаттық және спутниктік мәліметтерге сүйенсек, жағдай жақсармайды.

Көктем құрғақ болады деп күтілуде, жаз ыстық әрі жауын-шашынсыз өтуі мүмкін. Бұл жайылымдардың тез қурауына, шөптің күйіп кетуіне, мал азығының жетіспеуіне әкелуі мүмкін. Биыл да “Жем – елу, шөп – елу” деп шулаймыз-ау.

Осы климаттық факторлар дүкендегі бағаларға тікелей әсер етеді. Ең алдымен, көкөніс, жеміс, күріш және суармалы егіншілікке тәуелді дақылдар қымбаттайды. Су аз болған сайын өнім аз болады, өнім аз болса, нарықтағы ұсыныс азаяды.

Малдың жем-шөбі қымбаттаса – жұмыртқа, ет пен сүт қымбаттайды.

Жоғымыздың орнын импортпен жабармыз, бірақ ол қымбатқа түседі, әсіресе логистика қиын немесе валюта бағамы тұрақсыз болса. Суару, тасымалдау мен сақтау шығындарының өсуі де бағаның көтерілуіне түрткі болуы мүмкін.

Қауіп қатты төніп тұрған өнімдер – қарбыз, қауын, қызанақ, бұрыш, пияз, картоп, жеміс-жидек, ет және сүт. Егер жаз ыстық әрі ұзақ болса, бағалар тамыз айынан бастап күрт көтеріле бастауы мүмкін.

Фото: ашық дереккөздерден, facebook.com / bejvas.

Дереккөз: Агроблогер Кирилл Павловтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента