100 ауылда 100 зал: Qazaq Oil елдегі барлық мектептерге қолдау көрсетті

1334 просмотров
0
Ратель
Вторник, 27 Фев 2024, 13:00

Қазақстанда жүз ауыл мектебі үстел теннисіне қажетті спорт жабдығымен қамтамасыз етілді

Қазақстан бүгінде дамып кеткен ыңғайлы, мүмкіндіктер беретін мегаполистердің шоғыры ғана емес, мұнда өркениеттен қашық, шалғай орналасқан жүздеген ауыл бар.

Ірі жанармай ретейлері Qazaq Oil ірі қалаларда ғана емес, шалғайда орналасқан ауылдарда да жұмыс істеп жатыр. Өйткені, қала мен ауыл тұрғындарының өмірі мүлдем бір біріне ұқсамайтыны түсінікті.

Сондықтан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өз философиялық қағидаларына берік Qazaq Oil компаниясы адамдарға өмірдің сан қырынан көмек беруге тырысып жатыр. Бұл ретте әңгіме тек әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек туралы ғана емес, мәдени бастамаларды қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау туралы болып отыр.

Бұл жолы Qazaq Oil  Қазақстан Республикасы  үстел теннисі Федерациясымен біріге отырып, "100 ауылға 100 үстел теннисі залы" жобасын жүзеге асырды.

"Qazaq Oil компаниясы өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тәрбиесіне баса мән беріп, қолдауға мұқтаж балаларға көмек береді. Сондықтан да ҚР Үстел теннисі Федерациясымен біріге отырып, ауылда тұратын балалардың спорттық потенциалын арттыруға көмектесетін жобаны қолға алдық. Біз қолға алған дүние біздің бүгінімізді ғана емес, біздің болашағымыз ұрпағымыздың үйлесімді дамуына да ықпал ететініне біз кәміл сенеміз", - деді PetroRetail бас директоры Тулемис ШОТАНОВ.

Үстел теннисі тек қана физикалық белсенділікті шынықтырып қоймайды. Сонымен қатар, балалардың моторикасын, реакциясын жылдамдатып, назар аударып үйренуіне ықпал етеді. Дәрігерлердің пікірінше, үстел теннисімен айналысқан балада эндорфин гормондары бөлініп, қоғаммен араласуына, әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне, психологиялық денсаулығы жақсы болады. "100 ауылға 100 үстел теннисі залы" жобасы  -  осы спорт түрін ауыл оқушылары арасында насихаттау, болашақта мықты спортшыларды, чемпиондарды тәрбиелеуге қосқан үлесі.

"Біз жүздеген ауыл мектептерін спорттық жабдықтармен қамтыдық. Біздің ойымызша, спорттық шаралар білім беру процесін байытып, оқушылардың физикалық дамуына көмектеседі. Жоба былтыр жыл соңында басталды. Ақпан айының соңына қарай біз 100 толық жабдықты ауыл мектептеріне жібердік", - деді Qazaq Oil  PR-қызметінің басшысы Qazaq Oil Анель ЕЛІКБАЕВА.

Qazaq Oil тізімінде Қазақстанның шалғайында орналасқан жүздеген мектептің тізімі бар. Атап айтқанда, ШҚО (10 мектеп), БҚО (8 мектеп), СҚО (7 мектеп), Қарағанды облысында (9 мектеп), Павлодар облысында (8 мектеп), Маңғыстау облысында (9 мектеп), Атырау облысында (9 мектеп), Ақтөбе (9 мектеп), Алматы (10 мектеп), Жамбыл, Қызылорда, Түркістан (8 мектеп), Ақмола, Қостанай облыстарында (13 мектеп) жабдықталды.

Жалпы, Qazaq Oil спорттық акциясы бір реттік дүние емес,  өйткені компания үнемі бокс, джиу-джитсу, су добы, сияқты спорт түрлеріне қолдау жасап келеді.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай