Бұл мектептің маңында күнде айғай, күнде шу
Информбюроның хабарлауынша, Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Ханарық ауылындағы мектеп – директордың меншігіне айналып барады. Жергілікті жұрт осылай деп дабыл қағыпты.
Жұрттың айтуынша, 14 жылдан бері жылы орнында тапжылмай отырған басшы жұмысқа тек өзінің туыстарын тартумен әлек. Оған дәлел, конкурстан өтіп, қызметіне кірісуге келген жас маманды қабылдамастан орнына өз жақындарын жайғастырған жағдай күні кеше ғана болды, дейді тұрғындар.
- Төлеби ауданының Ханарық деген шағын ғана мектебінен шу шықты. Мұғалімдік мамандығы бар ауыл тұрғындары мектеп директоры осы білім мекемесінде тек қана өз туыстарын тартады деп ашулы, - дейді тілші Мақсат ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ.
Бұл мектептің маңында күнде айғай, күнде шу. Жас мамандардың айтуынша, директор жақындарынан басқаны мектеп маңайына жолатқысы келмейді.
Мәселен, Динара РАСУЛОВА күні кеше конкурстан өтіп, жоғары балл жинаған. Педагогты комиссия жұмысқа қабылдауға шешім қабылдапты. Алайда мектепке алып-ұшып келген көңілі су сепкендей басылған.
- Барлығыңыздың балдарыңыз бірдей деген. Содан бізден әңгімелесу тестін алады. Сол әңгімелесуден озып шығамын. Мені тағайындап кетеді, Районодан келген адам да тағайындап кетеді. Ал екі күннен кейін осы бала жұмысқа кіреді. Өзінің туған ағасының баласы, - дейді жас маман Динара Расулова.
Дипломын алып ауылға келген өзге де жас мамандар ұзақ жылдар бойы жұмысқа орналаса алмай жүргендерін айтады. Директорға шапан жаппағандардың шансы жоқ, туысы болмағанның жүгірісі көп дейді жұрт.
- Бұл жерде однофамильцы, туысқан, жора-жолдас. Бәрі бір жерде. Ну это какая-то корпорация однофамильцев. Бұл государственный анандай мекеме емес, уже меншіктенген. Ал басы дауға қалған директор мектепте туыстарының жұмыс істейтінін жасырмайды. Бірақ көбі "мен келмей тұрып орналасты" деп ақталды, - дейді Ханарық ауылының тұрғыны Малика БЕРДІБАЕВА.
- Туыс болғанда, ағамның баласы. Бірақ ол өткен болғанмен, бұлар сол күні шағым жасайды. Одан кейін мен асықпадым. Ешқандай бұйрық та шығармадым. Менен алдын кірген қарындастарым бар, сіңлілерім бар. Мен осы жылы директор болғаныма 14-ші жыл болады. 80 пайыз менің қарындасым болады. Менен бұрын кіргені бар, басқасы бар. Аудандық білім бөлімінің басшысы директордың мәселесі жуырда басқармада қаралады деп отыр. 14 жылдан бері жылы орнынан жылжымаған басшының ротациялық ауысуына уақыт жеткенін тілге тиек етті. Ал конкурсты өткізерде кемшіліктер жіберген комиссия мүшелеріне шара қолданылмақ, - деді Ханарық жалпы орта мектебінің директоры Юсупжан ҚОРҒАНБАЕВ.
- Басқа мектептерден маман алады. Сөйтіп комиссия құрамыз. Енді үш мұғалімдік қайтадан конкурсқа кіреді. Сол кезде жаңағы үміткерлердің біреуінің сертификаты, біреуінің құжаты қап кетті деп жатыр, енді өткізіп үлгереді бәрін, дейді Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Бекайдар ТОЙЛЫБАЕВ.
Ал жергілікті халық аядай ғана ауылдың шағын мектептің директоры орнын босатпаса, білім ошағындағы дау одан әрі өрши береді деп алаңдаулы.
Фото: 31.kz / informburo.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!