2023 жылдың соңына дейін ауылдарға "Илон Масктің интернеті" беріледі

2109 просмотров
0
Ратель
Среда, 04 Мая 2022, 17:30

Министрдің айтуынша, ол үшін әуелі Салық кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет.

2023 жылы OneWeb, SpaceX және SES компаниялары Қазақстан нарығына спутник интернетін әкелуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Биыл елге оралған қандастардың 73 пайызы оңтүстік өңірлерге қоныстанған

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында мәлім етті.

"Ел арасында "Илон Масктің интернеті" деп аталатын спутник интернеті неге қазақстандықтарға әлі қолжетімсіз?" - деп сұрады журналистер.

Министрдің айтуынша, ол үшін әуелі Салық кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет.

"Мұны біз төмен орбиталы спутник топтары деп атаймыз. Осы технологияға қаржы құйып отырған бірнеше компания бар. Соның бірі – OneWeb компаниясы. Бұл ұйыммен пилоттық жобаны пысықтап жатырмыз. Сіз "Илон Масктің интернеті" деп отырған SpaceX компаниясының Starlink жобасы да бар. Сондай-ақ, SES деген Люксембург компаниясы осы технология бойынша интернет ұсына алады. Осы сияқты басқа да компаниялар бар. Олар да бұл нарыққа кіргісі келеді. Бұл мәселеде біз монополиядан аулақ болғымыз келеді. Яғни, Қазақстанның нарығын бірнеше операторға ашамыз. Қазір неге инфрақұрылымын салмайды дегенге келсек, қызметтің мұндай түрі үшін салық мөлшерлемесі өте жоғары. Өйткені бұрнағы жылдары Салық кодексінде радиожиіліктердің салық мөлшерлемесін бекіту кезінде мұндай технологиялардың келетіні ескерілмеген болатын. Сондықтан, норманы депутаттар қолдаса, биыл оны қабылдаймыз", - деді Бағдат Мусин.

Айтуынша, қазір аталған 3 оператор норманың қабылдануы күтіп отырған көірнеді.

Читайте также
Мемлекет басшысы 9 мамырда "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қояды

"Салық кодексіне тиісті өзгерісті енгізсек, келесі жылдан бастап бұл операторлар нарығымызға кіріп, Қазақстанның 4 нүктесінде инфрақұрылым орната бастайды. Олар біздің елдің аумағында жұмыс істеуі үшін жер үстінде инфрақұрылым орнатылуы керек. Бірақ бұл бүкіл елге оптика тартылады деген сөз емес. Төрт базалық нүкте болады. Солар спутниктен интернет таратады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин бұған дейін мұндай технологияның өніміне салық мөлшерлемесі белгіленбегенін айтты.

Егер ол мөлшерлеме нақты бекітілмесе, аталған шетелдік компаниялар нарыққа келмеуі мүмкін.

"Біз салық мөлшерлемесін енгізбесек, олар келмейді, келген күннің өзінде салық төлемейді. Сондықтан бизнестің жаңа түрі салық әкеліп, халыққа қызмет көрсетуі үшін жағдай жасаймыз. Аталған үш оператордың екеуі тестілеу режимінен өтті. Ал Starlink операторын тестілеудің қажеті жоқ. Өйткені әлемнің бірқатар аймағында өз технологиясын таратып отыр. Біз ол компанияға заңнамаға өзгеріс енгізген соң ақпарат береміз деп келіскенбіз. Содан кейін олар Қазақстан нарығына кіру жұмысын бастайды. Егер биыл депутаттар осы өзгерістерді қабылдаса, келесі жылы инфрақұрылым жүргізу басталады. Сонда келесі жылдың аяғына дейін халыққа спутник интернеті беріледі", - деді министр.

Фото: 5q.media.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента