42 500 теңге: Өтінімнің 37 пайызы не үшін мақұлданбады

3348 просмотров
0
Ратель
Пятница, 17 Апр 2020, 09:15

"42 500 теңге" төлемге өтінім берген сәтте адамның аты-жөні мен туған уақытын және жеке сәйкестендіру нөмірін қатесіз жазуға ерекше назар аударған жөн

Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 127 млрд теңгеден астам сомаға 3 миллионнан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 миллионы немесе 37 пайызы тұрғысында бірқатар себептерге қатысты төлем тағайындалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсінік берді.

Читайте также
42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеруге болады

Өтінім берушілердің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген (157 мыңға жуық өтінім) .

"42 500 теңге" төлемге өтінім берген сәтте адамның аты-жөні мен туған уақытын және жеке сәйкестендіру нөмірін қатесіз жазуға ерекше назар аударған жөн. Тиісті мағлұматтың бір әрпі немесе саны мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мағлұматқа сәйкес келмесе, әлеуметтік төлем тағайындалмай қалуы мүмкін.

Өтінім берушілердің банк деректемесі дұрыс көрсетілмеген (80 мыңға жуық өтінім)

"42 500 теңге" төлемге өтінім бергенде банк атауы мен IBAN (шотыңыздың 20 белгіден тұратын нөмірі) мәліметін көрсету қажет. Көп адам банк картасының нөмірін жіберіп қояды (16 сан). Ал бұл тұста банк шотының нөмірі керек болғандықтан, әлеуметтік төлемді жіберу қиынға түседі. Мысалға дұрысы "KZ123456789012345678" сипатында болып келеді және оны барлық дерлік банктердің ұялы телефон қосымшасынан немесе екінші деңгейлі банктердің жедел желі телефонынан білуге болады.

Бұлай қате жіберген жағдайда, өтінім әрі қарай қарауға бағытталады да, оң шешім қабылданса өтінім берушіге IBAN дерегін сұрай отырып, төлемнің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Сонымен қатар, өтінім берушілер өзге жеке тұлғаларға тіркелген банк шотын көрсететін жағдай кездесіп жатады.

Атап өтерлік жайт, IBAN дерегін толтырғанда бір санның өзін қате жіберудің салдарынан өтінім берушіге аталған шот қызметін тоқтатқан банкте тіркелгені жайлы хабарлама келуі ықтимал.

Читайте также
Кімдердің несиесі кейінге шегеріледі

Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылар, ТЖ енгізілгенше ресми жұмыс істемеген (863 мыңға жуық өтініш)

Өтінім беруші ұсынған деректерді тексере келе, жұмыс берушінің қашықтан жұмыс істеуге рұқсат еткені немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырғаны, ұйымның жалпы амалсыздан тоқтап тұрғаны анықталуда. Мұндай жағдайда жұмыс беруші тарап жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Дегенмен ұйым басшылығы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберетіні жайлы бұйрық шығармаса да, жұмысшылар "42 500 теңге" төлемге өтінім беруге әрекеттенуде.

Қазіргі кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы орындармен бірлесе отырып, жалдамалы жұмысшы болып саналатын өтінім берушілердің расында ақысыз демалыс жіберілгендігін тексеруге кірісті.

Сонымен қатар, "42 500 теңге" төлемге зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардан да өтінімдер келіп түсуде. Қайталап айтар болсақ, МӘСҚ тарапынан тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мәні сонда, ТЖ тәртібі енгізілуіне байланысты табыссыз қалған жұмыс істеуші азаматтарға қаржылай қолдау жасалады. Сондықтан "42 500 теңге" төлемге ТЖ мерзіміне дейін ресми еңбек еткен, оларға жұмыс беруші жарна немесе жеке табыс салығын аударған немесе өздері Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай – БЖТ) төлеген зейнеткерлер, мүгедектер яки басқа мемлекеттік жәрдемақы түрлерін алушылар иек арта алады.

Читайте также
Чего больше всего хочется казахстанцам на карантине

Өтінім берушіде ТЖ енгізгенше соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жоқ немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген (1,16 миллионға жуық өтінім)

Бұл жерде де ескерте кетерлік мәселе, "42 500 теңге" төлемге қаражат МӘСҚ тарапына бөлінетіндіктен, әлеуметтік төлем алу үшін мемлекеттік сақтандыру жүйесіне қатысқан абзал. Бастапқыда "42 500 теңге" төлемді тағайындау үшін ТЖ тәртібі енгізілгенше 12 ай ішінде кем дегенде 3 рет әлеуметтік аударым жасау талап етілді. Алайда азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен кеңірек қамту аясында, әлеуметтік төлем жасау шарты ТЖ енгізілгенше 12 айда 1 ретке дейін қысқартылды.

Сәйкес өтінім берушілерді тексеру барысында, жұмыс берушідегі есепші маманның жалдамалы жұмысшылар үшін ТЖ енгізілгенше 12 айда ешқандай аударым жолдамағаны жайлы деректер жолықты.

Бұдан бөлек, кейбір өзін бейресми жұмыспен қамтушылардың "42 500 теңге" төлемге өтінім бергенше бір рет болсын БЖТ аударымын жасамағаны белгілі болды. Аталмыш жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

Читайте также
Казахстанцев, незаконно получивших 42500 тенге, могут привлечь за мошенничество

Өтініш қайтыс болған адамның немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген (534-ке жуық өтінім)

Жекелеген азаматтар өтінімнің онлайн берілетінін пайдаланып, қайтыс болған жандардың дерегін көрсеткен. Сонымен бірге, ел аумағынан тыс шетелге қоныс аудара отырып, әлеуметтік төлемге өтінім бергендер де бар.

Өтінім берушінің деректері ішінде барлық ҚР азаматтары туралы және де адамның қайтыс болғаны немесе шетелге қоныс аударғаны жайлы ақпарат толық қамтылған Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры арқылы тексеріледі.

Мұндай өтінімдерге әлеуметтік төлем тағайындаудан үзілді-кесілді бас тартылатыны анық.

"42 500 теңге" әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заң жүзінде қайта тексерілетіні мәлімделді.

Әр өтінімге қатысты ұсынылған деректердің шынайылығына жауапкершілік жүктелген, оның ішінде, әлбетте басты себеп – ТЖ кезіндегі шектеулер салдарынан табыстан айырылу.

Осылайша ел азаматы "42 500 теңге" төлемге өтінім бере отырып, ТЖ уақытына дейін кірісі болғанына және оны жоғалтқанына кепілдік беретінін растайды. Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы Қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады (190, 195 баптар).

Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:

Читайте также
В бой идут одни старики

Алушының атауы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

КеАҚ БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

 

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Марат Шибутов: «Это далеко не последний террористический акт, направленный по религиозным мотивам против евреев»
Может настать время, когда придётся спасать от беженцев тех, кто ратует за их приём
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером