5 шақырым жолға 790 млн теңге бөлген Жетісу әкімдігі дауға қалды

1804 просмотров
0
Ратель
Среда, 07 Мая 2025, 12:00

Жөндеу жұмыстарының нақты қашан аяқталатыны белгісіз

Читайте также
Қазақстан мұнай нарықтарынан айырылып жатыр

Жетісу облысы Жаркент қаласындағы екі көшенің күрделі жөндеуіне қатысты басталған инфрақұрылымдық жоба сот ісімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстарының жалпы құны 787,8 миллион теңгеге тең. Аталған қаржыға мердігер мекеме екі көшені жөндеп, жаңа көпір салуы керек еді. Алайда жауапты компания жұмыстарды уақытында орындамай кеткен. Тұрғындардың айтуынша, бір жылдан бері көшелер қазылып, жөнделмей, сол күйінде қалған.

“Көшені қопарып кеткендеріне бір жыл болды. Жаңбыр жауса – батпақ, бұрын далаға киім жайып қоятын едік, қазір бәрі шаң-тозаң болады. Қайтадан жууға тура келеді. Оған қоса, балаларымыз осы шаңнан ауырып, аллергиялары қозып кетті. Қазір жаз мезгілі, көліктер қатты жүріп, шаңды аспанға көтереді”, - дейді Сыпатаев көшесінің тұрғындары.

Әкімдіктің мәліметінше, осыдан екі жыл бұрын жобаға 50 миллион теңге бөлініп, Сыпатаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ал 2024 жылдың сәуірінде қосымша 150 миллион теңге бөлініп, Ходжамьяров көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен негіздемесі бойынша жұмыстар атқарылған. Дегенмен сол жылдың қарашасында асфальт төсеу битум тапшылығына байланысты тоқтатылған.

Читайте также
“Кім кормить етеді”. Ақтөбе облысында вагон жөндейтін азаматтар жұмыссыз қалмақ

“Жобаның қалған 587 миллион теңгесі 2025 жылға жоспарланған еді. Бүгін мердігер мекеме өз міндеттемелерін орындамағандықтан, бөлім компанияны сотқа берді. Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 147 миллион теңге көлеміндегі аванстық төлемді өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бұған қосымша, 2025 жылғы 7 сәуірде “МАКС дорстройсервис-21” ЖШС-ін жосықсыз мердігер деп тану және негізгі келісімшартты бұзу туралы талап арыз сотқа жолданды. Қазір бұл арыз соттың қарауында”, - деп хабарлады Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері.

Алайда жөндеу жұмыстарының нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Бұл сұрақ тұрғындар үшін әлі де өзекті. Әкімдік өкілдері де бұл мәселеге нақты жауап бере алмады.

Фото: Жаркент қаласы әкімдігі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана