Абай облысында ауыл мектебі тендерді "жарып" жатыр

2488 просмотров
0
Антон СЕРГИЕНКО
Воскресенье, 01 Дек 2024, 12:00

Абай облысында ауыл мектебі әкімдерден қалыспайын деген екен

Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің Қожагелді батыр атындағы орта мектебі 21 716 800 теңгеге (ҚҚС-сыз) автокөлік сатып алу үшін мердігер іздеуде. Бұл сомаға тағы 12 пайыз ҚҚС қосылады.

Читайте также
Шымкент тұрғыны түк істемей жалақы алудың жолын тапты

Техникалық сипаттамада көрсетілгендей, білім беру мекемесіне биыл шыққан су жаңа, жүрмеген кроссовер керек екен. Орындықтары "кожа" болсын, 4.3" цифрлы панель, 12.3" дисплейі бар мультимедиалық жүйе, Apple CarPlay және Android Auto, салонның атмосфералық жарығы, диодты шамдары, акустикалық, көпқабатты алдыңғы терезесі болуы шарт. Ауылдағы шағын мектепке дәл осындай көліктің неге керегін білмедік.

Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сүйенсек, мектеп жақында ғана 14 миллион теңгеге көлік сатып алған. Тендерді "АКС" ЖШС-і жеңіпті. Алайда көлікті жеткізу бойынша жасалған келісімшарт әлі тіркелмеген. Бұл көлік қарапайымдау болғанымен, оның да орындықтары табиғи және жасанды былғарымен қапталған, 8" дисплейі бар аудиожүйесі (Radio + RDS), LCD мониторы бар аспаптар панелі және автоматты күңгірттенетін айнасы бар.

Халқы бес мыңға жетпейтін шағын ауылдағы мектепке мұндай автокөлік не үшін қажет?

Бір қызығы, мұндай қымбат көлікті тіпті аудан әкімдіктері де сатып алмайды. Мысалы, Абай облысының Үржар ауданы әкімінің аппараты қазір 15,5 миллион теңгеге (ҚҚС-сыз) көлік сатып алмақ. Ал Абай облысы Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің әкімі аппараты небәрі 7 миллион теңгеден сәл асатын көлік сатып алуда. Яғни, ауыл мектебіне арналған көліктің бағасы екі әкімдік алатын көліктің құнымен тең.

Мектеп мұғалімдері шенеуніктерден артық өмір сүретін күнге жеткен екенбіз ендеше.

Фото: depositphotos.com.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы