АИТВ инфекциясын әдейі жұқтырған Теміртау тұрғыны 6 жылға сотталды

1182 просмотров
0
Ратель
Вторник, 03 Окт 2023, 11:00

Кыркүйек айының басында екі әйелді АИТВ-инфекциясымен қасақана жұқтырған ер адам ұсталды

Теміртауда ауыр дерті барын біле тұра, қасақана әйелдермен қорғалмаған байланысқа түсіп, оларға АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адамды соттау процессі өтті. Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өткізу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
1,1 млрд теңге жымқырып, қымбат пәтерлер алған — Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы ұсталды

Қылмыстық істі Теміртау қалалық соты жабық сот отырысында қарады. Айыпкерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 118-бабы 3-бөлігі (ауруын біле тұра, басқа адамға АИТВ жұқтырған) бойынша айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында екі әйелді АИТВ-инфекциясымен қасақана жұқтырған ер адам ұсталды.

Ер адам ауруды таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертілгеніне қарамастан, басқа адамға АИТВ/ЖИТС жұқтырғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді.

Сотта ер адамның кінәсі оның ішінара мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды.

Прокурор айыпталушыға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал қорғаушы тарап бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды өтінді.

"Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмаған баласының болуы кінәні жеңілдететін дерек деп таныды. Соттың үкімімен С. орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Фото: d-russia.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд