
Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 71-ракеткасы, германиялық Даниэль Альтмайермен таласады
KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 51-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен тартысты матч өткізді.
Бірінші партияда Бублик 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Этчеверри есе қайырды - 6:3.
Үшінші, шешуші сет Бубликтің пайдасына шешілді - 7:5.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Бублик 11 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Этчеверри 9 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 71-ракеткасы, германиялық Даниэль Альтмайермен таласады.
Фото: пресс-служба ФТК.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!