Алихан Смайылов: Қазақстан Италияға 110 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайын

980 просмотров
0
Ратель
Среда, 06 Сен 2023, 12:30

Былтыр екіжақты тауар айналымы 55% жуық артып, шамамен 15 млрд долларға жетті

Читайте также
Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын екі зауыт жұмыс істей бастады

Қазақстан премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ елімізге ресми сапармен келген Италия министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио ТАЯНИМЕН кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар машина жасау, энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіп секторы, білім беру және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі екенін және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұрғанын айтып өтті. Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55% жуық артып, шамамен 15 млрд долларға жетті.

- Дегенмен, тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны 900 млн доллардан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Үкімет басшысы атап өткендей, Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді. Соңғы 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі 7,3 млрд долларға жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, 300 млн долларға жуықтады.

- Елдеріміз арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа бірлескен жобалармен нығая түсуде. Біз бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз, — деді премьер-министр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Италия елшілігінің Астанадағы жаңа кеңсесінің ашылуына қолдау білдірді. Бұл іскерлік байланыстарды орнатуға ауқымды үлес қосып, өзара сауданың дамуына тиімді әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

- Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз, — деді ол.

Сондай-ақ Антонио Таяни Италия Қазақстандағы сауда-саттыққа, оның ішінде киім өндірісіне қатысуын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Алматыда жаңа итальяндық мәдениет институтын ашудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі ел арасында студенттер алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.
Фото: primeminister.kz.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента