Алматы маңындағы ауылдар батпаққа батып жатыр

1672 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 03 Мар 2025, 15:00

Резеңке етік сәнге айналған ауыл жұртының ахуалы

Қар ери бастағалы Талғар ауданына қарасты Еламан ауылының тұрғындары батпаққа батып, есігінің алдынан алысқа аттап баса алмай отыр, деп хабарлайды Информбюро 31.

Көшелері жөндеу көрмей, лай кешкен халық "биліктің назары бізге бір түспей қойды" деп ашулы.

Читайте также
Қазағың кедей Қазақстан, қайда бара жатырсың

- Еламан ауылының тұрғындары көктем шықса болды тізеден балшық кешіп жүреді. Жаяу адам тұрмақ, міне көлікпен жүргендердің де ары-бері қатынауы қиын. Жұрт ми батпақ пен шалшық судан әбден шаршадық дейді. Асфальты бар көшеге жету үшін аяқтарына целлофан киіп жарты шақырымға жуық жол жүреді, - дейді телеарна тілшісі Диана ТҰРЛЫБЕК.

- Қыста ғана жанымыз тынышталады. Көктем басталады міне, батпақ болып, не бала-шағаның киімінен киім жоқ. Жаздай шаңға көміліп, есік-тереземізді қымтап, тұншығып тағы жатамыз. Оның бәрін бұрынғы әкім көрген. Қолдан келгенше өзіміз жолға күл төгіп, құрылыстан қалған топырақтарды төктік, осы жол дұрысталсыншы деп, - дейді Еламан ауылының тұрғыны Айсара САТЫМБАЕВА.

Ата-аналар ең әуелі мектепке жаяу барып, жаяу келетін оқушыларға қиын дейді. Жылына 3-4 етік сатып аламыз, ал, оның өзі қалтаны қағады деп отыр.

- Жылда 3 етік, 4 етік аламыз. Ол айналып келгенде халықтың қалтасына тиюде. Облысқа дейін барып, осы мәселені көтердік. Олар су жүргізілмей жолды жасамаймыз дейді. Ал, енді суға барсақ су 98 пайыз бітіп тұр, 2 пайызы бітпей тұр деген сылтау айтады. Ол уәдесіне 5 жыл болды, - дейді Еламан ауылының тұрғыны Шынар ӨТЕГЕНОВА.

Ал, халық алдына шыққан жауаптылар батпаққа батып отырған тек Еламан ауылы ғана емес дейді. Дәл осындай тағы 150 көше бар екен. Сондықтан, жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жасаймыз деп сендірді.

- Бюджет бір күнде немесе бір жылда беріледі. Бөлініп-бөлініп, жылда 20-30 көше жасалып жатыр. Бірақ Еламан ауылында аманшылық болса, биылға 10 көше жоспарда тұр. Оған қаражат бөлінді, - дейді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрбол ЕСЕНБАЕВ.

Бес жыл бойы құрғақ уәдеге тойдық деген тұрғындар әкімнің бұл сөзіне де күмәнмен қарайды. Тым құрығанда тас төсеп берсе деген тілектері бар.

Фото: Информбюро 31.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана