
Базардың бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды
“Ақсай-4” шағын ауданында жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында “Арыстан” базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталған. Сондықтан “Фирма Тигрохауд” ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
- Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді. 2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды. 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлады әкімдіктен.
Қазіргі уақытта әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстарын бастады.
Фото: Алматы әкімдігі.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!