Алматыда бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

1817 просмотров
0
Ратель
Пятница, 04 Мар 2022, 12:00

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушысы (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады

Алматыда 40-тан астам көпбалалы ана, азаматтық белсенділер, тұрмысы төтен халықпен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.

Читайте также
Қарулы күштер "Көктем-2022" оқу-жаттығуына қатысады

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау барысында мектепке дейінгі сапалы және орта білім алуға, медициналық қызметтерге, жеңілдетілген ипотека беру мәселелері талқыланды. Көпбалалы отбасылармен және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін үкметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыс барысы сөз болған.

Тағы бір мәселе – балаларды әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ыстық тамақпен қамтамасыз ету және рационның сапасын арттыру. Осы ұсынысқа Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін айтты.

Осылайша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушысы (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады.

"Балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін білім басқармасы әртүрлі рацион жасау мәселесін пысықтады. Қаржыландыру жайы жергілікті бюджетті нақтылау үшін 4 наурызда мәслихатта қаралады", - деді Ерболат Досаев.

Кездесуде мектептегі орын жетіспеушілігі және балабақшаларға кезек те талқыланды. Қазір қалада мектепте 19 611 орын және балабақшада 41 080 орын жетіспейді. Бала туудың жоғары болуына және халықтың мегаполиске белсенді көшуіне байланысты жыл сайын өсім 15 мың және 8 мың балаға жетеді.

"Алматыда мектептер мен балабақшаларды салуға бос жерлер мүлдем жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қала басшысы.

Айтуынша, биыл мектептерде 15 461 орын және балабақшаларда 39 520 орын тапшылығы жойылуы мүмкін.

Фото: "Московская газета"/Алёна Черепкова.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай