Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы болды

1820 просмотров
0
Ратель
Пятница, 30 Дек 2022, 12:00

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Конституциялық соттың судьялары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Конституцияға сәйкес парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі", - деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Читайте также
Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық сот төрағасы етіп тағайындады

Осы орайда ҚР Конституциясының 58-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, ҚР Конституциялық сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты және Сергей Федорович Ударцевті тағайындау туралы парламент мәжілісі төрағасының ұсынысы енгізілді.

Өз кезегінде депутат Арман Кожахметов ұсынылған кандидатуралар заң және құқықтық салада көп жыл еңбек еткен білікті әрі тәжірибелі мамандар екенін айтты.

"Қанат Сергейұлы Мусинді өздеріңіз жақсы білесіздер, құқықтық қорғау, әділет органдарында көп жыл еңбек етті, парламент мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы болды. Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев әйгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі. Қазіргі уақытта Еуразия Ұлттық университетінің проректоры. Сергей Федорович Ударцев те атақты ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі. Бұрын Конституциялық соттың судьясы болған. Қазіргі таңда М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінің ғылыми зерттеу институтының директоры. Аталған кандидатураларды қарау нәтижелері бойынша Комитет оң қорытынды әзірледі. Конституцияның 57-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, ҚР Конституциялық сотының судьясы лауазымына парламент мәжілісінің төрағасы ұсынған Қ. Мусинның, С. Ударцевтің және Е. Оңғарбаевтың кандидатураларын 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындауды қолдауларыңызды сұраймын", - деді А. Қожахметов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған адамдарды Конституциялық сотының судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынысты қолдады.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды.

Фото: gov.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай