АҚШ санкциялары салдарынан Ресей мұнайы арзандады

2028 просмотров
0
Ратель
Пятница, 07 Фев 2025, 15:00

Сонымен қатар экспорттық пункттерде Үндістанға жеткізілетін Urals мұнайының бағасы да арзандады

АҚШ санкциялары салдарынан Ресей мұнай арзандады. Bloomberg басылымының жазуынша, ресейлік шикі мұнай бағасы желтоқсан айынан бері алғаш рет 60 доллардан төмен түскен, деп жазады kursiv.media.

Балтық теңізіндегі Приморск портында Urals маркалы мұнайының North Sea Dated (еуропалық эталонды мұнай) бағасымен салыстырғандағы жеңілдігі күрт өсіп, 5 ақпан күні барреліне 15,70 долларды құраған.

Сонымен қатар экспорттық пункттерде Үндістанға жеткізілетін Urals мұнайының бағасы да арзандады. Бұл жеңілдік барреліне 13 долларға жетіп, мамыр айынан бергі ең үлкен көрсеткішке айналды.

Argus агенттігінің бағалауы бойынша, Приморскіден Үндістанға мұнай тасымалдау құны да артқан.

G7 елдері шектеулерді қайта қарамады

2022 жылдың соңында Батыс елдері Ресей мұнайының бағасын 60 доллардан асырмау туралы шешім қабылдаған еді.

G7 елдері бұл шекті ай сайын қайта қарастырып, оны Ресей мұнайының орташа нарықтық бағасынан 5%-ға төмен қоюға тиіс болған. Алайда олар бұл талапты ешқашан орындаған жоқ.

Читайте также
Қазақша сөйлемейтіндерге штраф салу ұсынылды

Ресей санкцияларды айналып өтті

Ресей мұнайды сатуды жалғастыру үшін “көлеңкелі флот” әдісін пайдаланды. Бұл – иелері мен сақтандыруы белгісіз танкерлер арқылы жаңа нарықтарға мұнай жеткізу.

Осылайша, Ресей мұнайы жыл бойы белгіленген 60 долларлық шектен жоғары бағада сатылып келді.

G7 елдері бұл жағдайға жауап ретінде көлеңкелі флотқа қатысатын танкерлер мен компанияларға қарсы санкция енгізді.

Солтүстік Еуропа елдері де 2024 жылдың желтоқсанында Ресей танкерлерінің сақтандыру құжаттарын қатаң тексеру туралы шешім қабылдады.

Мұнай бағасы неге арзандады?

Сарапшылардың пікірінше, Ресей мұнайының арзандауына екі негізгі фактор әсер етті:

  1. АҚШ-та мұнай қорының көбеюі – ұсыныс артқандықтан, баға төмендеді.
  2. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына қатысты алаңдаушылық – нарықта белгісіздік күшейіп, инвесторлар мұнайға сұраныс төмендейді деп қауіптеніп отыр

АҚШ 10 қаңтарда Ресейдің бірқатар мұнай компанияларына, мұнай тасымалымен айналысатын кемелерге санкция салды. 

Фото: shutterstock.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай