Астана қаласының жаңа әкімі үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешпек

1844 просмотров
1
Ратель
Воскресенье, 11 Дек 2022, 13:00

Үлестік құрылысқа тиесілі 51 нысанның ішінде 15-інің проблемасын шешу қалған

Астана қаласының жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Асхат Аймағамбетов: Колледж студенттерінің жеке бизнес ашуына мүмкіндік беріледі

"Үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Future home", "Арыстан", "Зере-2" тұрғын үй кешендері. Бұл тұрғын үй кешендері ең күрделі болып саналады. Жалпы алғанда, мұнда жылдар бойы 600-ден астам үлескер отбасы өз кілтін күтіп жүр. Мәселен "Future home" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Бұл тұрғын үй кешенінде 200-ге жуық үлескер отбасы бар. Нысанның дайындығы 40%-ды құрайды. Осы орайда екі блокты бұзуға тура келгенін айта кеткен жөн. Себебі құрылыс жұмысын қайта бастау үшін жарамсыз деп танылған болатын", - деп жазды әкім желідегі парақшасында.

Ал "Арыстан" тұрғын үй кешенінде 450-ге жуық үлескер отбасы бар.

"Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені проблемалы құрылыстың ірі нысандарының бірі болып саналады. Оны беру кезінде нысанның тек 20-30%-ы ғана дайын болған еді. Тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, оның бір бөлігі аяқталды – шамамен 270 үлескерге баспана кілті табысталды. Қалған блоктарды да аяқтаймыз. Сол сияқты кездесуде тұрғындар нөсер кәрізін салу, жылы аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу секілді өзге де мәселелерді көтерді. Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан – "Зере-2" тұрғын үй кешені 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Мұнда 230 үлескер отбасы өз пәтерін күтіп жүр. Нысанды беру кезінде тек шұңқыры қазылған күйде ғана болған. Қазіргі уақытта құрылысы қайта жанданды, алайда жұмыс қарқынын арттыру қажет", - деп толықтырда Жеңіс Қасымбек.

Әкім осыған дейін әкімдік қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізгенін. Үлестік құрылысқа тиесілі 51 нысанның ішінде 15-інің проблемасын шешу қалған. Оның 7-еуін биыл аяқтауды жоспарлауда.

"Тағы 8 нысанды (бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені) 2023 жылы аяқтауды алдыма міндет етіп қойдым. Біз тұрақты негізде құрылысы ұзаққа созылған нысандардың, аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Кездесу барысында айтылған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық", - деді қала басшысы.

Оставьте комментарий

Михаил 2022-12-11 17:56:01
1
Астанада бұл әкім белсенді болады деп үміттенемін және бұл уәделер бос сөз болмайды. Қарағанды облысында ол өзін жақсы жағынан көрсете алмады. Белсенді емес, пассивті жағын көбірек таңдады.
- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд