
Демеушілер 8 мың рет атылатын салюттің ақшасын төлеп қойды
Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда “демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын” мерекелік салют өтеді, дейді ҚазАқпарат.
Салют 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және “Атырау” көпіріне іргелес аумақ.
Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады!
Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді.
Биыл 7 мамырда өтетін парадты өткізуге жоқ дегенде 2,5 миллиард теңге жұмсалатынын баспасөз хабарлаған.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!